Елімізде сотталғандарды бағып-қағуға кететін шығын балабақшадағы бүлдіршінге жұмсалатын қаржыдан 4 есеге көп. Бүгін «2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын талқылау кезінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дариға Назарбаева осындай дерек келтірді.
Халық қалаулысы «Балапан» бағдарламасына бөлінетін қаржының қысқарғанын айта келе, ҚР Қаржы министрі Болат Жәмішовке сауал қойды.
Дариға НАЗАРБАЕВА, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
– Біз жасаған сараптамадан кейін мынадай қорытындыға келдік. Айталық, оқушының мектепте білім алуына жылына 150-180 мың теңге жұмсалады. Балабақшадағы бір балаға шамамен 180 мың теңге қаражат керек. Ал сотталғандарға кететін жылдық шығын 700 мың теңге.
ҚР Қаржы министрі Болат Жәмішов бюджетті нақтылау кезінде «Балапан» бағдарламасына қажетті 6 миллиард теңге қосымша бөлінетінін мәлімдеді. Министр «Балапан» бағдарламасы тек қана бюджет қаражатымен жүзеге аспайтынын да жеткізді. Жеке мекемелерге мемлекеттік тапсырыс беру арқылы да қажеттілікті өтеуге болады екен. Сондай-ақ, бұл бағдарламаға ірі кәсіпорындар да демеуші ретінде қолдау көрсете алады.
24.kz
сонымен өлім жазасын енгізесіздер ме?әлде қылмыскерлерді қара жұмысмқа саласыздар ма?