///

Түркия журналистерді қудалау бойынша әлемдік лидер деп танылды

1029 рет қаралды
2

Журналистерді қорғау халықаралық комитеті Түркияны БАҚ қызметкерлерін қылмыстық қудалау бойынша әлемдік лидер деп атады.

Ағымдағы жылғы тамыз айының басындағы жағдай бойынша, түрік түрмелерінде жазаларын 76 тілші өтеп жатты. Олардың жартысынан көбі темір тордың ар жағына кәсіби қызметі үшін түсті. Сотталған репортерлардың 70 пайызы – күрдтер.

Мұндай мәліметтерді құқық қорғаушылар келтірді. Олардың сөзіне қарағанда, өткен жылдың соңында жергілікті құқық қорғау органдары журналистерге қарсы бес мыңға жуық қылмыстық істі тергеу үстінде болды.

“ҚазАқпарат”

Парақшамызға жазылыңыз

2 Comments

  1. Сонда Түркия журналисттері өз елдерінің заңынан хабарсыз ба? Әлде…

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар