//

Зілтемірші Зұлфия Қытайына қайтты

1877 рет қаралды
15

Лондон олимпиадасына Қазақстан атынан қатысып, чемпион атанған Зұлфия Чиншанло Қытайға қайтты. Мұндай ақпаратты Қытайдыңsports.sohu.com сайты таратты.

«Отбасыма қайтудың қуанышы ерекше екен. Өйткені ұстаздарым мен жаттықтырушыларымның жанына келдім. Ең маңыздысы, мен енді туған жерімнің көкөнісінен еркін жейтін болдым…. Мен ешқашан қытайлық емеспін деп айтып көрген жоқпын. Өйткені мен Қытайдың Хунан ауданынан шыққан спортшымын. Елден жыраққа кетіп, Алматыда 5 жыл жүргенімде өзімнің қытайлық екенімді ешқашан ұмытқан емеспін. Өткен жылғы Гуанжоудағы бәсекеде, тіпті осы жолы Лондон олимпиадасында да тілшілердің сұхбатына мен қытайлықпын, Қытайдың Хунан ауданының адамымын деп жауап бердім».

Бұл Чиншанлоның Қытай журналистеріне берген сұхбатынан үзінді.

Ал енді бір сәт қара қызмыздың Лондон олимпиадасы кезінде Қазақстан үшін айтқан жылы сөздерін назарға алып көрелік.

– Мен үшін зілтемірді көтеру оңай болды. Маған мына мойнымдағы алтын медальды көтеру қиын болып тұр. Бұл жеңіс үшін төрт жыл бойы дайындалдым. Алтынымды бүкіл Қазақстан еліне арнаймын, Назарбай рахмет!

Қазақта өз биең құлын тумай, атқа жарымайсың деген сөз бар еді… Мынау дәл соның өзі болып тұр.

Айта кетерлік бір жайт, бұл ақпаратты ресми Цинхуа агенттігі де растап, басмақала жариялап үлгерген.

«Қамшы»

Парақшамызға жазылыңыз

15 Comments

  1. Құрысын атымен. Сатып алғасын, сатып кете береді ғой осылай. Қожанасыр жарықтық “өз үйіңнен өлім шықпай жаназаға жарымайсың” деп тауып-ақ айтқан екен.

  2. “Біткен іске сыншы көп,Дайын асқа жеуші көп” дегендей. Бар кінәні Қытай қызынан емес, өз арамыздан іздейік. Өзге ұлттың азаматы арқылы қоржынға келген “Жеңіс” , осылай болады.

  3. Қасқырды қанша асырасаң да даласына қарап ұлиды

  4. Каскырды канша асырасанда орманга кашады дейди гой.Бул кызымыз да сондай болып тур гой.Дегенмен,туган жери бари бирде ыстык шыыгар…Кытайда журген боксер Канат агамыз да елимизге оралып еди гой…али де кандастарымыз байрагымызды кокке желбиретеди.

  5. Бұл қытай қызы Қазақстан еліне алтын алып келгенмен,артынан өз еліне оралғаны дұрыс болмады. Сонда да бұл жағдайдың артында қандай шындық жатқанын біле бермейміз ғой біз.

  6. Бұл қытай қызы Қазақстан еліне алтын алып келгенмен,артынан өз еліне оралғаны дұрыс болмады. Сонда да бұл жағдайдың артында қандай шындық жатқанын біле бермейміз ғой біз…

  7. Шынында да журекке тиетін мәселе екен. Қасқырдың баласын қанша бағып қарасаңда,жетер жеріне келгенде өзіңді сатып кетеді емес пе? Не дегенімен жабайы емес пе? Жүрегі “ҚАЗАҚ” деп соқпаса, ондай азаматтардан тек қана осындай сатқындықтың дәмін татасың…

  8. Әлемді елең еткізген Лондондағы олимпиада ойындары, барлық көрермен мен БАҚ-тың қызу талқысы мен сынына ұшырап та үлгерді. Нақтылы айтатын болсақ, бұл мақаланы оқи отырып мені Ұлттық Рухын бірінші орынға қоя білген спортшы қызымыздың батылдығы тамсандырса, бір жағынан бұл қылығынан қайран қалдым. Әрине шет елдің азаматшасы болса да біздің елдің мәртебесін көтергеніне қуансақ , екінші жағынан сол жүлдені әперген қазақ ұлтының қаракөз қызы еместігі қыңжылтады. Оның материялдық мүддемен келген ойы да, өз еліне қайтуымен-ақ дәлелденіп отырған жоқ па? Болашақта ұлы байрақты желбіретер тек өз еліміздің қазақ ұлтының ұл-қыздары болса нұр үстіне нұр болар еді!

  9. Катты куанып, Зульфия үшін жылап та қалып едік. Қазақты қазақ ғана көтере алады, басқаларға ауырға түседі. Әлі Бразилияда да Зульфиядан асып түсіп, көк туымызды желбірететін қыздарымыз барына сенемін.

  10. Зульфия алтынды алғанда бірге жылап, бірге қуанып едік. Өлеңдер де жазып жатты. Бірақ қазақты қазақ ғана көтермесе басқа халықтың қолынан бұл іс келмейтін сыңайлы. келесі жарыста Зульфияны шаң қаптырып көк туымызды желбірететін аруымыздың шыңып, бағын сынарына сенемін!

  11. әр нәрсенің мән жайын түсініп алмай көп сөйлеудің қажеті жоқ.Қытайлық екені шын,қанша жерден қазақпын десе де шын мәнісінде әр адамның журегі туған жеріне бұрып тұратыны айдан анық қой.адамның мұндай толғаныс сезімдерімен айтылған сөздерін саясатқа араластырып,алтын алғанда мақтап,кейін сыртынан даттаудың қажеті жоқ,біздің қанымызға жат мінезден аулақ болыңыздар.әлде келісімге отырмас бұрын “енді өзіңнің ұлтыңды,тіліңді,туған жеріңді ұмытасың” деп шарт қойып па едіңіздер?өзге елде жүрсе де өзінің Қытайлық екендігін ұмытпаған,ал біздің билік басындағы кейбір ағаларымыз “мемлекеттік тілді білу маңызды емес” деп тіл қатады,өз елінде жүрсе де өзінің ұлтынан намыстанып,қазақ екендігін мойындамайтындар да бар!ең болмаса осындай жағдайлар өз қандастарымыздың еліне,жеріне деген сүйіспеншілігін оятар!!!

  12. Бұл Ақпараттың бәрі жалған болып шықты! расымен де Зульфия кызымыздың Қытай еліне бас сұққаны рас бірақ мұндай яғни, 2016 жылы Бразилияда өтетін кезекті Олимпиадада Қытай атынан шығып өнер көрсетемін деген әңгіме болмаған деп мәлімдеді зілтемірші қызымыз,

  13. Әріптестерім айтқандай, туған жер – әр адамға ыстық қой! Әр адамның кеудесінде туған жеріне деген сағыныш сазы есіп тұрады!

  14. Біріншіден, бұл адамды мен тек қана спортшы ретінде танимын. Сондықтан оның айтқан сөздері мен шешімдері өзім үшін маңызды емес. Көк байрағымызды шетелде көтергенде, толқынысымның шегі болмады. Еліміз үшін әкелген жеңісіне алғысым шексіз. Әр адам шешім қабылдауға құқылы. Егерде бұл қызымыз қазақ болып, Қытайдың туын көтеретін болғанда, жерге қарар едік. Ал өз туған еліне оралғанның несі кінә?!

  15. Барсаң бара ғой,айналайын, құдай алдыңнан жарылқасын. Бірақ, сен де барлық легионерлер секілді Отаныңды ақшаға саттың. Енді Қытайда ұялмай қалай жүреді екенсің? Ал біздің Қанат Ислам нағыз ер! Бірақ, Астснс Арландарының жетекшісі Қанаттан айрылып, есесіне, көптеген келімсектермен толықтырғаны дұрыс болмады.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар