«Арқанкерген» шекара бекетіндегі қанды қылмыс бойынша өтіп жатқан сот процесі бүгін тағы да басты айыпталушы – Владислав Челахтың қатысуынсыз өтетіні белгілі болған соң, зардап шегуші тарап оның сотқа қатысуын талап етті, – деп хабарлайды Талдықорғаннан BNews.kz тілшісі
Соттың алғашқы бірнеше минутында баспасөз орталығындағы техникадан ақау байқалып, сот отырысында айтылған мәселелер беймәлім болған еді.
Сот отырысынан шығып журналистерге мән-жайды түсіндірген қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының баспасөз қызметінің өкілі Шолпан Шикетаева сот отырысында зардап шегуші тарап Челахтың сотқа қатысуын талап етті деп хабарлады.
«Қаза болған сарбаздардың бірінің анасы Челахтың сот отырысына қатысуын және олардың сұрақтарына жауап беруін талап етті. Судья Челахтың сотқа қатысудан бас тартып отырғанын және ол оның құқығы екенін түсіндірді», – деді баспасөз қызметтің өкілі.