Алматы облысында Ми-8 тікұшағы құлаған ауданда экипаждың барлық мүшелері мен жолаушылардың денелері табылды, деп хабарлайды Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметі.
«18 сағат 30 минутта оқиға орын алған жерде мерт болған 6 адамның денесі, кейін тағы екі адам табылды. Іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр», – делінген хабарламада.
Бұрын хабарлағанымыздай, бүгін 16 сағат 03 минутте тікұшақтың бөліктері алдын-ала мәлімет бойынша Алакөл ауданында табылды.
17 сағат 15 минутта Алматы облысы ТЖД-нің жедел тобы оқиға орнына келіп, ақпарат расталды.
Тікұшақ құлаған жерге әуе саласының мамандары мен тергеу-жедел тобы ұшып шығады.
BNews.kz
Парақшамызға жазылыңыз
Сонда тікұшақ істен шығып кеткен ба?
Тікұшақтың қалдықтарын Россияға экспертизаға алып кетті деді. Енді солардан бір хабар күтудеміз