Сәлеметсіз бе! Мекеме қызметкері ҚР Еңбек Кодексінің 72 бабының 2,3 тармақтарына сәйкес тәртіптік жаза қолданылған. Дегенмен осы қызметкер 2 күн дәлелді себепсіз жұмыста болмады деп тікелей басшысы хабарлама жазып отыр, осы қызметкерді қалай жұмыстан босатуға болады ?
Жауабы:
Еңбек кодексінің 72-бабтың 2-тармағы – сөгіс, ал 3-тармағы – қатаң сөгіс. Әрбір тәртіптік теріс қылығы үшін қызметкерге бір тәртіптік жаза ғана қолданыла алады.
73-баптың 6-тармағына сәйкес Тәртіптік жаза қолдану туралы акт ол шығарылған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде тәртіптік жазаға тартылған қызметкерге қолын қойғызып хабарланады. Қызметкер жұмыс берушінің актісімен танысқанын қол қойып растаудан бас тартқан жағдайда, тәртіптік жаза қолдану туралы актіде ол туралы тиісті жазба жасалады. Қызметкерді жұмыс берушінің тәртіптік жаза қолдану туралы актісімен жеке таныстыруға мүмкіндік болмаған жағдайда жұмыс беруші актіні қызметкерге хабарламалы хатпен жіберуге міндетті.
Қорыта келе Еңбек кодексінің 54 бабының 6-тармағына сәйкес қызметкер бір жұмыс күні (жұмыс ауысымы) ішінде дәлелді себепсіз үш және одан да көп сағат бойы жұмыста болмаған жағдайда жұмыс беруші еңбек шартын бұзуға құқылы
Дайындаған Жанерке.
Парақшамызға жазылыңыз
Жақсы, рахмет
Иә, бұр үрдістеріңіз жақсы болды, Алла разы болсын Жанерке
2-тармағы – сөгіс, ал 3-тармағы – қатаң сөгіс… қызық екен. Тармақ тармақ десе шошып кетсемші.