Шекарашы Владислав Челах камераласына «Арқанкерген» уақытша бекетінде қызметтестерін өлтіргені туралы баяндайтын бейнежазбаны сарапшылар шынайы деп таныды.
Бұл туралы сейсенбі күнгі сот процесінде төраға етуші судья Ербол Ахметжанов мәлімдеді.
Жасырын бейнетаспа арқылы жасалған бейнежазба 21 қараша күні көрсетілді. Челахтың атасы мен анасы оның шынайылығына күмән келтіріп, ондағының Челахқа ұқсас адам болуын айтып, жазбаны сараптамаға жіберуді талап етті.
«Бұл дискілерде айтылған сөздер Челахтікі», – деп мәлімдеді сараптаманың қорытындыларын оқыған Е.Ахметжанов. Судья сарапшылардың зеттеуі үшін жалпы алғанда 24 диск ұсынылғанын атап өтті.
inform.kz
Парақшамызға жазылыңыз