Қазақ әдебиеті орны толмас қазаға ұшырады.72 жасқа қараған шағында қаламгер, зерттеуші, қайраткер Жұмәділ Маман дүниеден озды.
Ол 1941 жылы 17 қарашада ҚХР, Суар, Іле аймағы, Күнес ауданында дүниеге келген. Суар педагогикалық институтының тіл-әдебиет факультетін 1959 жылы бітіріп, “Іле жастары” журналы, “Іле өрендері”, “Іле” газеттерінің тілшісі, редакторы, аға редакторы болып жемісті қызмет атқарған.
1970 жылы “мәдени зор төңкеріс” тұ­сында 4 жыл еңбек түзетуінде болған. 1974 жылдан бастап Іле облыстық Ком­мунистік Жастар одағы комитетінде үгіт бөлімінің меңгерушісі, “Іле айдыны” журналында бас редактор, облыстық шығарма­шылық ұйымында кеңсе мең­геру­шісі, Іле облыстық әдебиет-көрке­м­өнер бірлестігінде төраға болып, “Іле айдыны” (қазақ, ұйғыр, қы­­тай тілдерінде шығатын) әдеби жур­нал­дың бас редакторы міндетін абыроймен атқарған.
Қаламгердің ел алдындағы еңбегі ақ­талып, ҚХР Жазушылар одағы, Фольклор қоғамының мүшесі, Қытай Халық Республикасы аз ұлт жазушыларының «Тұлпар» сыйлығының лауреаты, ҚХР Мемлекеттік таңдаулы маман атақтарын алған.
Қаламгердің қаламыннан туған “Пионер­лерге” атты өлең-мысалдар кітабы, “Тау жа­лыны” атты дастаны, “Қарақат” өлең-тол­


Қазақстан Жазушылар oдағы басқармасы.
ғау­лар кітабы, “Акбар-Сейіт” романы, “Ақыл­бай атай­дың әңгімелері” атты хикаяты, “Әке бауы­рын­дағы бала”, “Қарқара шоқысы” атты әңгі­мелер жинағы, “Тұнық дауыс”, “Жұмәділ дастан­дары” атты дастандары, “Ән сыры – жан сыры” ғы­лыми мақалалар жинағы, “Айхан” атты аударма, повестер кітабы, “Күмбезге түскен күн­шуақ”, “Ашық есік алдында” , “Адамның бұлбұлы – Әсет” сияқты кітаптары қалың оқыр­ман қауым­ның жүректеріне жетіп, сыншылардың жоғары бағасын алған.
Ғұмырында сабырлы да салмақты, парасатты да мәдениетті, адамгершілігі мол, мейі­рімді, жас ұрпаққа қамқор болған қаламгердің ардақты бейнесі ел жүре­гінде ұзақ сақ­та­лады.


Қарымды қаламгер еді

Қытай қазақ әдебиетінің дамуына елеулі үлес қосқан, қаламы қарымды, жемісті еңбектерімен ел құрметіне бөленген Жұмәділ Маманның қайтыс болғандығын естіп, үшбу хат жолдап отырмыз. Жұбайы Гүлманға, ел-жұрт, бала-шаға, бауыр-туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз.
ҚХР ШҰАР саяси мәслихат кеңе­сінің тө­рағасы Асхат Керімбай, ҚХР ШҰАР-ы тө­р­а­ғасының орынбасары Тілепалды Әб­ді­решітұлы, ҚХР ШҰАР-дық саяси мәслихат кеңесі төрағасы­ның орынбасары Қызайжан Сейілхо­жа­ұлы және осы органның бас хат­­шы­сының орынбасары Әбдіқай Мә­женұлы.


Қытайдағы қазақ мәдениетінің өрлеуі өткен ғасырдың сексенінші жылдарынан басталды. Өйткені, сол жылдары Қытайда атқарыла бастаған Дэн Сяопинның жаңа сая­саты ондағы қазақ әдебиеті мен мә­де­ние­тінің дамуына да зор мүмкіндік туғызған еді. Сол мүмкіндікті ұтым­ды пайдаланып, қазақтың әдебиеті мен мә­де­ниеті деңгейін биік­ке көтерген азаматы­мыздың бірі – ақын, жа­зу­шы, әдебиет зерттеуші ғалым және қо­ғам қайраткері Жұмәділ Маман аға­мыз еді. ОЛ ҚЫТАЙ ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІ
КӨШБАСШЫЛАРЫНЫҢ БІРІ ЕДІ

Жүкең Іле қазақ облысының әдебиет-көр­кемөнершілер Бірлестігінің басшысы ретінде бірқатар іргелі еңбектер жасады. Құлжа қаласынан облыстық әдебиет-көркемөнер­шілерге арналған еңселі ғи­марат тұрғызып, әдебиетшілер мен өнер­паз­дардың шығар­машылықпен шұ­ғыл­­­дануына және ғылыми-зерттеумен айналысуына жағдай жасады. Облыс көле­мінде жаңа шығармашылықты дамыту мен көне тарихи әдеби мұраларын жинап, жа­рық­қа шығару ісіне көп көңіл бөлді. Облыс бойынша Тұрсынәлі Рыскелдиев бас­таған бес бірдей жазушыға «кәсіби жазушы» мәртебесін алып берді, алпыстағы ақын, жазушы және көркемөнер қайраткерлерінің мерейтойлық конференцияларын өзі басқарып, өткізді. Халқымыздың ақындар айтысын жыл сайын облыс көлемінде жоғары деңгейде ұйым­да­с­тырып отыруды дәстүрге айналдырды. Жүкең әде­биет-көркемөнершілер Бірлестігін бас­қарып тұр­ған кезі – Іле қазақ облы­сының әдебиет-көркемөнер саласының керемет бір көркей­ген шағы болды.
Ал Жұмәділ Маманның ақын, жазушы және әдебиет зерттеуші ретінде артына қал­дыр­ған мұралары бір төбе. Оның қаламынан туған 20-дан астам кітаптары мен мыңдаған өлең-жыр­лары жалпы қазақ әдебиетіне қо­сылған құнды дүниелер. Осы еңбектерге қарап отырсақ, Жү­кеңнің көбірек қалам тарт­қан та­қырыбы ха­лқымыздың ұлттық рухын көтеретін тарихи тұлғалар және бала­лардың зейінін ашатын, ұлттық мінезін қа­лыптас­ты­ратын балалар әдебиеті екен. Қазіргі таңда қазақ хал­қына ең керегі де осы болып тұрған жоқ па?! Жүкең со­ны ерте түсінген екен ғой. Қай­ран да қайран, Жүкең-ай! Бақұл бол, бауырым!

Нәбижан Мұқаметханұлы

“Қазақ әдебиеті” газеті

Парақшамызға жазылыңыз

3 Comments

  1. Уақыт қалай зымырап өтіп бара жатыр…. Атақты кісілеріміз өмірден озуда. Жүмаділ атамыздың жатқан жері жайлы топырағы торқа болғай…

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар