//

Сәкен Иманасов өмірден озды

1702 рет қаралды
4
Қазақ әдебиеті тағы бір орны толмас қайғыға душар болды. Халықаралық “Алаш” әдеби сыйлығының лауреаты, ақын Сәкен Иманасов өмірден озды.
1938 жылы 2 мамырда Алматы облысы, Алакөл ауданындағы Талапкер ауылында туған. Қазіргі Үшарал қаласындағы Абай атындағы орта мектепті бітіргеннен кейін теміржол құрылысында қатардағы жұмысшы, ұжымшар қызметкері, аудандық комсомол комитетінің нұсқаушысы болып істеп, 1959 жылдан бастап бірыңғай журналистика қызметіне қарай ойысады. Алдымен аудандық, кейін “Лениншіл жаста”, облыстық партия комитетінде, Қазақстан Жазушылар одағында жауапты қызметтер атқарған. “Балдырған” журналында, “Қазақ мемлекеті” газетінде, Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығында істеген. “Жазушы” баспасында редактор, редакция меңгерушісі, бас редактор қызметтерін атқарған. Кейінгі жылдары Алматы облыстық әкімшілігінде жауапты қызметте болды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланған.
Алғашқы өлеңі 1956 жылы жарық көрді. Содан бергі кезенде: “Туған ауыл”,”Ақ айдын”, “Ак дариға”, “Жайдарман”, “Ғашық дүние”, “Алтынаймақ”, “Ғашықпын саған”, “Бел-белес”,”Адырна”, “Жебе”, орыс тілінде “Созвучие”, “Тетива” атты кітаптары, 1993 жылы шығармаларының екі томдығы жарық көрді. 1998 жылы бір томдық тандамалысы, 2001 жылы “Қаламдастарым мен замандастарым” атты эсселер, пайымдамалар, арнау өлеңдер кітабы шыққан. 2003 жылы “Елорда” баспасынан соңғы оншақты жыл ішінде жазылған өлеңдері “Өнердің жүзі” деген атпен, естеліктері “Жазушы” баспасынан “Қалам мен Заман” деген атпен жарық көрді.
Көркем аударма саласында оның тәржімасымен Шығыс шайыры Жалаладдин Руми, орыс ақындары А.Кольцов, В. Маяковский, ангола ақыны А.Нетто, саха М.Ефимов, қырғыз А.Рысқұлов, С.Жусуевтердің кітаптары қазақ тілінде жарық көрді.
Парақшамызға жазылыңыз

4 Comments

  1. Заманымыздың бетке ұстар жазушыларының бірі дүниеден өткені арине өкінішті.Бірақ пенде емеспіз бе…. Аллах Тағала берген өмірді кешіп кайтып кететініміз белгілі.Марқұм Сәкен ағамыздың арты кайырлы болсын, Жаны жаннатта болып ,топырағы торқа болғай.Өзі өмірден өтсе де артында көптеген керемет еңбектерін қалдырып кетті…

  2. Топырағы торқа, жаны жаннатта болсын. Сәкеңнің менде үш томдығы бар. Уақап-аға Қыдырханұлы берген…

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар