//

Алматы маңында жолаушылар ұшағы құлап, 22 жолаушы қаза болды

961 рет қаралды

“Алматы маңында жолаушылар ұшағы құлап, 20-дан астам жолаушы қаза болды” деп хабарлайды КазТАГ. Жолаушылар ұшағы Алматы маңындағы Қызылту елдімекенінде құлаған.

“Алдын-ала мәліметтер бойынша ұшақ  «Көкшетау-Алматы» бағытындағы DV 760 рейсі болған. Ақпарат агенттіктерінің  хабарлауынша  апатқа  ұшыраған Bombardier Canadair Regional Jet  немесе «Челенджер-200» ұшағы  болуы мүмкін. Алматы қалалық жедел әрекет ету қызметіне Қызылту елдімекені  маңында ұшақтың құлағаны туралы ақпарат 14.00-де келіп түскен. Қазіргі кезде апат орнына ТЖМ-нің жедел-құтқару отрядының 13 қызметкері  мен 3 техника аттандырылған. Алматы әуежайының ақпараты бойынша «Көкшетау-Алматы» бағытындағы DV 760 рейсі Астана уақытымен 12.55-те Алматы әуежайына қонуы керек болатын. Алайда ұшақ әлі келмеген. Әуежай сайтында ұшақтың кешіккені туралы ақпарат жазулы тұр.
Ақпарат агенттіктері ұшақта 22 жолаушы болғанын хабарлауда. Қазіргі кезде апаттың мән-жайы анықталуда. Ресми ақпараттың әлі де жарияланбағанын еске саламыз. ” деп хабарлайды KazTRK.
Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар