///

“Ан-72” ұшағы апаты жайлы ресми өкілдің сөзі

685 рет қаралды

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіковтің сөзі

2012 жылғы 25 желтоқсанда Шымкент маңында Шекара қызметінің АН-72 әскери-көліктік ұшағы апатқа ұшырап, экипаждың барлық мүшелері және оның жолаушылары мерт болғаны белгілі.

Осы факт бойынша қозғалған қылмыстық істің (Қылмыстық кодекстің 392 бабы «Ұшу немесе оған даярлану ережелерiн бұзу») тергелуінің алдын ала нәтижелері жөнінде сіздерді ақпараттандыруға рұқсат етіңіздер.

Бұдан бұрын хабарланғандай, тергеу Бас әскери прокуратураның арнайы прокурорының басшылығымен ведомствоаралық жедел-тергеу тобымен жүргізілуде.

Кезек күттірмейтін іс жүргізу шараларын өткізумен қатар тергеумен қаза болғандарды идентификациялаудың және жерлеу үшін отбасыларына берудің тездетілуі қамтамасыз етілгенін атап өтеміз.

Оқиғаны тергеу келесіні көрсетті.

Ұшақ 2012 жылғы 25 желтоқсанда 16 сағат 52 минутта Астана әуежайынан Шымкентке ұшқан.

Ұшу алдында экипажға ұшу алдындағы медициналық қарау жүргізіліп, олар ұшу тапсырмасын орындауға жіберілген.

Қысқы кезде авиаотынға қосылатын сұйықтықтың сот физикалық-химиялық сараптамасы жүргізіліп, ол сарапшылармен жарамды және басқа сұйықтықтардың қосындылары жоқ деп танылды.

Ұшып көтерілу штаттық жағдайда өткен, экипаждан құралдардың істен шығуы жөнінде ешқандай хабар түспеген.

Ұшқыштардың сөздерінің мазмұнын ашумен ұшып көтерілгеннен кейін автопилоттың істен шыққаны анықталды.

Командир ұшуды қолмен басқару режимінде жалғастырған, ол АН-72 ұшақтарын ұшуда пайдалану басшылығына қайшы келмейді.

2 минут 29 секунд өткен соң кеменің командирі ұшақты басқаруды өзінің көмекшісіне берген (екінші ұшқыш), оған жолаушыларды тасымалдау кезінде тыйым салынған.

Ұшу деректерін тіркеуіштің мәліметтері негізінде тергеумен, сондай-ақ ұшып көтерілгеннен кейін 2 минут 40 секунд өткен соң радиобиіктік өлшегіштің істен шыққандығы, бұл ретте, жердің жақындағанын ерте ескерту жүйесі (TGPWS Mark VIII) қосылмағандығы анықталды.

Ұшу барометрлік биіктік өлшегіш құралдарының көрсеткіштері негізінде жалғастырылған.

Алдын ала тергеу деректеріне сәйкес ұшу кезінде барометрлік биіктік өлшегіштің жұмысында да іркілістер байқалған.

Атап айтқанда, ұшудың 19 минутында биіктіктің көрсеткіштері 696-дан минус 1 375 метрге дейін, 22 минутында 749-дан 2 672 метрге дейін секірмелі өзгеріп тұрған.

Сонымен қатар, ұшқыштардың сөздеріне сәйкес ұшу кезінде ұшақтың мұздануы орын алған. Бұл оқиға болған жерді қараумен де расталады, онда ұшақтың қанаттарының бөлшектерінде «мақпалды» мұздың болғаны байқалған.

18 сағат 31 минутта ұшақ қонуға бет алған.

Экипаждың әңгімелерінің мазмұны, метеоқызметтердің деректері және куәгерлік жауаптар АН-72 қонуға күрделі ауа райы жағдайында, шектелген көрінуде бет алғанын көрсетеді.

Сонымен қатар, тергеумен қонуға отыру кезінде командирмен диспетчердің барометрлік биіктік өлшегіште Шымкент әуежайының қысымын орнату жөніндегі нұсқауы орындалмағаны анықталды.

Нәтижесінде, төмендеу кезінде биіктік өлшегіштің көрсеткіштерінде 385 метрге дейінгі бұрмаланудың болуы мүмкін болған.

2012 жылғы 25 желтоқсанда 18 сағат 54 минутта Шымкент әуежайының бақылау нүктесінен 21 шақырым қашықтықта ұшақ сай бөктерімен соқтығысып, апатқа ұшырады.

 АН-72-нің қозғалтқыштары жермен түйіскенге дейін істе, ал шасси шығарылған жағдайда болған.

Ұшқыштардың сөздерінің мәтінін талдау ұшақты қондыру штаттық режимде, үрейсіз және қандай да болсын алаңдаушылықсыз жасалғанын, ұшудың соңғы секундтарында сайдың бөктері түріндегі бөгеттің пайда болуы олар үшін күтпегендік болғанын көрсетті.

Тергеумен жинақталған материалдар Шекара қызметінің АН-72 ұшағының апатының себептері келесі негізгі жағдайлардың жиынтығы болған деген тұжырым жасауға мүмкіндік беріп отыр:

1.ұшақтың борт жабдықтарындағы ақаулар (автопилоттың және радиобиіктік өлшегіштің істен шығуы; барометрлік биіктікті өлшеу құралдарының іркілістері);

2.ұшақты ұшыру кезіндегі экипаж командирінің қателіктері (жердің жақындағанын ерте ескерту жүйесін қоспағандығы; ұшақты басқаруды тәртіпке қайшы командирдің көмекшісіне беруі; барометрлік биіктік өлшегіште Шымкент әуежайының қысымын орнатпағандығы);

3.күрделі метеорологиялық жағдайлар (жаңбыр аралас қар; тоңазытылған тұма; шектелген көріну; қатты мұздану).

Тергеудің бұл тұжырымдары Авиаапатты тексеру жөніндегі комиссияның қорытындысымен де расталады.

Борт жабдықтарындағы аталған бірқатар ақаулықтардың анықталуына байланысты, ағымдағы жылдың 4 қаңтарында ұшақтың ресурсы 2012 жылы қалпына келтірілген Украинаның құқық қорғау органдарына халықаралық тергеу тапсырмасы жолданды.

Тапсырмада ұшақты жөндеуімен, оның ішінде түйіндерін, бөлшектерін және агрегаттарын ауыстыру бойынша жасалған жұмыстың көлемімен және сапасымен байланысты сұрақтар қойылды.

Тергеу жалғасуда.

Тергеумен жерүсті қызметтерінің және ұшақ тіркелген әскери бөлімнің қолбасшылығының әрекеттеріне олармен ұшуды дайындау ережелерінің сақталуы бөлігінде құқықтық баға берілетін болады.

Тергеудің нәтижелері және қабылданған шешім туралы сіздер қосымша ақпараттандырылатын боласыздар.

АН-72 ұшағы экипажының сөйлесуінен үзінді


prokuror.gov.kz

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар