///

Фейсбуктегі қызғаныш құлазытып жатыр ма?

622 рет қаралды
1

ЛОНДОН (Reuters) – Неміс зерттеушілердің айтуынша, достарыңыздың еңбек демалысын қалай өткізіп жатқанына, махаббатқа толы өмір мен жұмыстағы табыстарға Фейсбукте куә болу қызғаныш, қынжылыс пен жалғыздық сияқты сезімдердің тууына түрткі болуы мүмкін.

Екі неміс университеті бірлесіп өткізген зерттеуге сәйкес, бүгінгі таңда бір миллиардтан астам қолданушысы бар және әлеуметтік тұрғыда салыстыруға теңдессіз платформа ұсынған әлемнің ең ірі әлеуметтік желісі Фейсбукта қатты қызғаныш болатыны анықталған.

Зерттеушілер үш адамның біреуі сайтқа кіріп болғаннан кейін өзін нашарлау сезіне бастағанын, өмірлерінен қанағаттанбаушылық сезімі бұрынғысынан да артқанын байқаған. Бұл ретте, сайтқа еш нәрсе жазбай, жай ғана кезіп шыққандар ең көп кері әсерленген.

«Біз Фейсбуктен қаншалықты көп адамның қызғаныш сезімін арқалап шығатынын біліп, таң қалдық.Оның нәтижесінде олар өздерін жалғыз-жарым сезініп, түңілу не ашумен арпалысқан» деді Reuters агенттігіне Берлиннің Хамбольдт университетіне қарасты Ақпараттық жүйелер институтының ізденушісі Ханна Краснова.

Хамбольдт университеті мен Дармштад техникалық университетінің зерттеушілері еңбек демалысында түсірілген суреттер ызаны туғызатын ең үлкен себеп болғанын анықтаған.

Қолданушылар туылған күніне орай қанша адамнан құттықтау алғанын, суреттері мен жазбаларына қанша «лайк» басылып, қанша пікір жазылғанын Фейсбуктағы достарымен салыстыру барысындағы әлеуметтік байланысты қызғаныштың екінші себебі деп қарастырған.

Олар отыз жастың ортасына шыққандар отбасыдағы бақытқа қызғанышпенен қарайтынын, ал қыз-келіншектер физикалық тартымдылыққа қызғана қарайтынын анықтаған.

Осы қызғаныш сезімдері кейбір қолданушыларды Фейсбукта жақсы қырынан көрсету үшін өздерінің жетістіктерімен мақтануына итермелеген.

Ерлер өздерінің бағындырған белестерін Фейсбуктағы адамдарға хабарлау үшін жеке басын болымды көрсететін контентті ұсынса, қыз-келіншектер өздерінің әдемі бейнелері мен әлеуметтік өмірлеріне екпін қойған.

Зерттеушілердің жұмысы 60 адамды қамтыған екі зерттеуге негізделген. Бұл жұмыстың нәтижелері Алманияда ақпан айында өтетін ақпараттық жүйелер туралы конференцияда жария етілетін болады.

Зерттеушілердің айтуынша қос зерттеуде де респонденттер Алмания азаматтары болған, бірақ олардың есептеуінше анықталған жағдайлар халықаралық деңгейде қарастырылуы керек, себебі қызғаныш әмбебап сезім және Фейсбукті пайдалану мәселесіне өз әсерін тигізуі ықтимал.

(Мақала авторы Белинда Голдсмит, өңдеген Пол Касциато)

 , alempress.kz

Мақаланың түпнұсқасы: http://www.reuters.com/article/2013/01/22/us-facebook-envy-idUSBRE90L0N220130122

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

  1. Неміс дегенді қою керек! Бұл орыстардың германдарды кемісітіп қойған аты. Әлемде орыстан басқа ешкім үйтіп айтпайды. Орыстың құлы қазақтар ғана орыс не десе ес-ақылсыз соны қайталай береді…

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар