///

Кеденнің бұрынғы басшысы 10 жылға сотталды

821 рет қаралды

Кедендік бақылау комиетінің бұрынғы төрағасы Серік Баймағамбетов 10 жылға сотталды. Оның дүние-мүлкі тәркіленеді. Жазасын қатаң режимдегі түрмеде өтейді. Ол түрмеден шыққан соң 7 жыл бойы мемлекеттік қызметке алынбайды.

Кеден басшысы қызметінде жүргенде Серік Баймағамбетов облыстық департаменттің басшысының орынбасарлығынан үміттеніп жүрген бір адамнан 80 мың доллар пара алған. Сондай-ақ, ол өзінің лауазымын пайдаланып, кедендегі кадр саясатын өрескел бұзған. Кеденде жұмыс істемейтін адамға «қамқорлық» жасап, оны кеден қызметкерінің тізіміне кіргізіп қойған.

Кедендік бақылау комитетінің төрағасы болып Серік Баймағамбетов 2011 жылдың мамыр айында тағайындалды. Қаржы полициясы 2012 жылдың 3 ақпанында оны қамауға алып, қылмыстық іс қозғады. Серік Баймағамбетов кеден басшысы болғанға дейін Ішкі істер министрі және басқа да жоғарғы лауазымды қызметтер атқарған.

serke.org

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар