ҚазТАГ-тың мәлімдеуі бойынша, Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматы резиденциясында әдебиет және өнер қайраткерлеріне тағайындалған президенттік және мемлекеттік стипендияларды тапсыру сәтінде осындай мәлімдеме жасаған.
“Елдің саяси тәуелсіздігі мәселесі талқыланбайды. Егер, біздің тәуелсіздігімізге нұқсан келтіретіндей әрекеттер байқалса, біз ондай ұйымнан бастартатын боламыз”, – деген ол. Бұл ретте ол экономикалық интеграция Қазақстан экономикасы үшін қажет екендігін баса айтты.
“Қазақстанның Еуразиялық интеграцияға қосылуына келер болсақ, бұл біздің принциптік таңдауымыз. Меніңше, бұл бағытта біз дұрыс жолдамыз. Экономикалық интеграция – бүкіл әлемнің, ХХІ ғасырдағы жаһандық әлемнің міндеті. Ешқандай мемлекет, тіпті өзін ұлы держава санайтын елдердің өзі экономикалық интеграциясыз дами алмайды. Біздің қарқынды дамып келе жатқан экономикамыз жаңа рынокты талап етеді. Сол үшін біз экономикалық интеграцияға аяқ бастық, саяси емес”, – деген ол.
“Мінбер-ақпарат”
Парақшамызға жазылыңыз