//

Қазақ Елінің әскери техникалары толығу үстінде

1632 рет қаралды

Қазақстан армиясы теңіз жаяу әскері бригадасы БТР- 82А батальондық әскери техникамен толықты. 25744 әскери бөлімінің қызметшілері жетілдірілген жауынгерлік техниканы Маң­ғыш­лақ стансасында қабылдады. Онда аталған техникамен гвардия бөлімінің командирі, подполковник Мереке Кучекбаев бастаған 70-ке жуық әскери қызметшілер 40 шақырымдық жол жүріп келді. Техниканы қабылдау мен әскери бөлімге жеткізу шараларына Құрлық әскерле­рінің өкілі – ҚК қару-жарақ басқарма­сы бас штабының бастығы, полковник Асылбек Сатыбалдинов қатысты.

БТР-82А БТР-80 бронды транспортердің же­­тілдірілген түрі. Кешенді жұмыстардың жүр­­­гі­зілуі нәтижесінде техниканың 20 пайызы же­тілдіріліп, қауіпсіздік жүйелері жаңартылды. Қор­­ғаныс амалының арттыруылуы әскери көлік ішінде экипаждың ыңғайлы әрі қауіпсіз жұмыс етуіне әсер етті. Сөйтіп, бронетранспортердің атыс қуаты, жылдамдығы артқан соң, көліктің жол­сыз жермен жүру қабілеті де жоғарылай түсті.

Енді қаңтардың 10-ына таман теңіз жаяу әскерлері жауынгер көліктерімен далалық жат­ты­ғулар ұйымдастырмақ. Ал ауа-райының қо­лайсыздығы Қазақстан армиясының сарбаздарын шыңдай түспек. Осы­лайша, жауынгерлік әзірлік жөніндегі бар­лық тапсырмаларды орындау және оны ны­ғай­та түсу мақсатында ел Қарулы Күштері жаңа әскери техникамен, қару-жарақпен қамтамасыз етіле бермек, деп хабарлады ҚМ баспасөз қызметі.

–––––––––––––

Сурет 25744 ә/б мұрағатынан алынды.

“Егемен Қазақстан”

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар