///

Жамбыл мен Оңтүстік Қазақстандағы апаттың зардабы

904 рет қаралды
Жамбылға бармас бұрын, бұл дауыл Оңтүстік Қазақстанның Созақ ауданын да бір сілкіп өткен еді. Қатты желдің әсерінен 11 мектеп, екі ауыл әкімдігінің, үш бала бақшаның, бір аурухананың шатыры ұшып, терезелері қирады. Сонымен қатар, тұрғын үйлер бүлініп электр желілерінің бағандары құлады. Ал, Сарыағаш ауданында күннің күрт жылынуы мен жарты тәулік толастамай жауған нөсерден бірнеше ауыл топан су астында қалды. Ағыны қатты су түн ішінде Жылға, Тасқұдық пен Қарақалпақ ауылдарын басып қалған. Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан ақпар бойынша, елдің оңтүстігінде қалыптасқан жағдайға байланысты, шұғыл штаб құрылып, апаттың зардабын жою жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданында қатты жел тұрып, 11 мектептің, екі ауыл әкімдігінің үш бала бақшаның, бір аурухананың шатыры ұшып, терезелері шағылды. Сонымен қатар, тұрғын үйлер бүлініп электр желілерінің бағандары құлады. Ал, Сарыағаш ауданында күннің күрт жылынуы мен жарты тәулік толастамай жауған нөсерден бірнеше ауыл топан су астында қалды. Ағыны қатты су түн ішінде Жылға, Тасқұдық пен Қарақалпақ ауылдарын басып қалған. Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан ақпар бойынша, елдің оңтүстігінде қалыптасқан жағдайға байланысты шұғыл штаб құрылып, жиын өткізілді.
Теңкиіп жатқан мына мұздар түндегі тасқын ағызып келген сеңдер. Сай- саланы қуалап, лықси аққан топан су түн ішінде ауылды басып қалған.  Төтеннен келген апаттан ауылдағы екі үйді қабырғасы құлап, шатыры жермен жексен болды. Тағы 50 шақты баспананың іргесі су шайып кетті.
Қираған үйдің бірі Фазылхан Бекмұратовтыкі. Бір үйлі жан топан су белуарға жеткенде, әрең жан сауғалап шыққан.
Фазылхан Бекмұратов, Қарақалпақ ауылының тұрғыны:
Белден келеді, есіктің алдындағы су. Асфальтттың жағасында мойынға келіп қалды. Соны кешіп, балашағамызбен ары өттік. Інімнің балалары үйінің шатырына шығып кетіпті. Біз шыққан кезде үй де құлады.
 
Бір тәуірі, апаттан адамдар аман. Ауылдарға  апаратын күре жолдың 4-5 жеріндегі өткелді су жайып кетті.
Кешегі апаттан соң ауылдың іргесі малдың өлексесіне толы. Түн ішіндегі алапат тасқын жолындағы қора жайларды қиратып,  малды осында ағызып әкелген. Мұз астында теңкиіп жатқан қойда есеп жоқ.
Тұрсын Қалықұлов, Қарақалпақ ауылының  биі:
Бірден лап етіп келді де, көпірге сыймай, сыртқа тасып, артқа тебе бастады. Сөйтіп жүргендежарық өшіп қалды. Бәріміз далада жүрдік.
Құтқару жұмыстарына аудандағы барлық мекемелердің, төтенше жағдай қызметінің мамандары жұмылдырылған. 350 адам мен 35 техника жұмыс істеп жатыр.
Бұхарбай Парманов, Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары:
50 жуық үй зақымданған, деп отырмыз, оның ішінде, екі үй өте апатты жағдайда өз орнында құлады. Ал, адамдардың бәрі ауруханаға жайғастырылып,  ыстық тамақ пен жылы киіммен қамтамасыз етіп жатырмыз. Қазір ауданнан құрылған комиссия жұмыс істеп жатыр.
Табиғат сондай-ақ, Теріскейде де тосын мінез танытып тұр. Кешегі түнде мұнда  ақ түтек боран мен дауыл тұрып, үйлердің шатарын ұшырып әкеткен. Дауылдың күштілігі сондай, Таукент елді мекенінде автокөліктерді аударып тастаған. Электр бағаналары құлағандықтан, аймақта жарық жоқ. Апаттан зардап шеккен ауылдарға әлі көмек жеткізілмеді.  Бұрқасын қардан  жолдар жабылып қалған.

Ғани ҚАЛМАХАНОВ 
kaztrk.kz
Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар