//

Қазақша «KZ» домендік аймақта сапа мен контентті жақсарту маңызды – М. Тәжин

808 рет қаралды
ҚР Мемлекет хатшысы Марат Тәжиннің пайымдауынша, отандық медиалық Интернет-сегментті жүйелік дамыту бойынша ұзақмерзімді  жобаларды әзірлеу керек.Бұл жайында ол бүгін Астанада мемлекеттік ақпараттық саясаттың өзекті мәселелеріне арналған кеңесте мәлім етті.

«Интернетті қазіргі заманғы ұлттық контентпен толықтыру, осының есебінен «digital» жүйесінде мығым ұстанымдарды қамтамасыз ету – бұл мақсатты тек Қазақстан ғана жүзеге асыра алады. Атап айтқанда, осымен әлемде өзге ешкім де айналыспайды. Өкінішке қарай, біз де бұл бағытта  жайбасарлыққа жол беріп отырмыз»,-деп сынады М. Тәжин. Бұл тұрғыда ол медиалық Интернет-сегментті жүйелік дамыту бойынша ұзақмерзімді жобалар керек екенін қадап айтты.

Мемлекеттік хатшының пікірінше, аталған шаралардың шешімін жасау үшін тиісті жұмыстарды үш бағытта іске асыру керек. Біріншіден, қазақша «KZ» домендік аймақта сапа мен контентті жақсарту маңызды.

Екіншіден, әлеуметтік желілер мен блогтарға айрықша назар аудару қажет. Сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдарының алдында Интернетте өздерінің контентін ұлғайту мақсаты қойылып отыр.

«Интернеттің қазақ тілді сегментін қолдау бойынша мақсатты жұмыстарды жолға қойып, барша қоғамдық ұйымдармен тығыз ынтымақтасу керек»,-дейді М. Тәжин.

Бұдан бөлек, Мемлекеттік хатшы үшінші бағыт аясында жаңа буынды бұқаралық ақпарат құралдарын дамыту үшін жағдай жасау керектігін айтты. Осы орайда Интернет-телеарна мен Интернет-радио тұрғысындағы бетбұрысқа мән беруге екпін қойылды.

Автор: Руслан Ғаббасов, inform.kz
Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар