///

Шекарашы капитан өз-өзіне қол жұмсады

757 рет қаралды

Жанұя жанжалы өлімге себеп болды ма? Кеше кешкі сағат 18:00 шамасында Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Шонжы шекара заставасы бастығының орынбасары, «Шығыс» өңірлік басқармасының капитаны Мұрат Қадыралинов өзіне-өзі қол жұмсап, өмірімен қоштасты. Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Шекара қызметінің директоры бастаған топ және орталық аппарат қызметкерлері оқиға орнына аттанды. Шекара қызметі баспасөз өкілдерінің хабарлауынша, қайғылы жағдайға отбасында болған ұрыс-керіс себеп болуы мүмкін. Алайда, істің ақ-қарасы тергеу амалдары аяқталғаннан кейін белгілі болмақ.

kaztrk.kz

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар