//

Тәртіптік жаза қалай қолданылады?

1759 рет қаралды

Динара

Сәлеметсіз бе! Мекеме қызметкері ҚР Еңбек Кодексінің 72 бабының 2,3 тармақтарына сәйкес тәртіптік жаза қолданылған. Дегенмен осы қызметкер 2 күн делелді себепсіз жұмыста болмады деп тікелей басшысы хабарлама жазып отыр, осы қызметкерді қалай жұмыстан босатуға болады ?

Жауабы:

Еңбек кодексінің 72-бабтың  2-тармағы – сөгіс, ал 3-тармағы – қатаң сөгіс болып сипатталады. Әрбір тәртіптік теріс қылығы үшін қызметкерге бір тәртіптік жаза ғана қолданыла алады.

73-баптың 6-тармағына сәйкес Тәртіптік жаза қолдану туралы акт ол шығарылған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде тәртіптік жазаға тартылған қызметкерге қолын қойғызып хабарланады. Қызметкер жұмыс берушінің актісімен танысқанын қол қойып растаудан бас тартқан жағдайда, тәртіптік жаза қолдану туралы актіде ол туралы тиісті жазба жасалады. Қызметкерді жұмыс берушінің тәртіптік жаза қолдану туралы актісімен жеке таныстыруға мүмкіндік болмаған жағдайда жұмыс беруші актіні қызметкерге хабарламалы хатпен жіберуге міндетті.

Қорыта келе Еңбек кодексінің 54 бабының 6-тармағына сәйкес қызметкер бір жұмыс күні (жұмыс ауысымы) ішінде дәлелді себепсіз үш және одан да көп сағат бойы жұмыста болмаған жағдайда жұмыс беруші еңбек шартын бұзуға құқылы

Дайындаған Жанерке

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар