Қазақ әдебиетінің өзіндік даму ерекшелігі мен тарихы ешкімге ұқсамаса да, ешкімнің әсерінсіз осы күнге жеткені жоқ болатын. Қазақтың жазба әдебиеті қалыптаса бастағаннан-ақ, қазақ топырағынан туған әдебиет өкілдері аударманың әдебиеттегі маңызын жыға тани білді. Абайдан тартып көркем аударма қазақ әдебиетінің даму механизміне күш болып қосылды. Бұдан бұрын да араб, парсы тілдерінен иманшарттар мен тәпсір нұсқаларын қазақшалаған сахараның талай тәржімешілері болсада, көркем аударманы жазба әдебиетіміз қалыптасу кезеңіндегі Абай алыптан бастап таратып келеміз. Абай ықпал еткен сол кездегі бір қауым Қазақ зиялылары болсын (Ш.Құдайбердіұлы, Т.Абайұлы), кейінгі Алаш Орданың атқа мінген ардақтылары да бұл саланы бір ақсатқан емес. Ахмет Байтұрсынұлы, Мағжан ақын, Жүсіпбек Аймаутов, М.Әуезовтердің аудармалары қазақ әдебиетінің қаншама тың жанырларға өріс ашуына түрткі болды. Олардың еткен еңбегі томағасы жаңа тартылған балақыран тәрізді қазақ әдебиетінің оң мен солын парықтап, қағушы мен ылдиын бағып алуына, көздегенінің қай маңда екенін танытуға мұрсат берді.
Аударманың қазақ әдебиетіндегі тың өреген көтерілген тұсы Ж.Ысмағұлов, С.Ақтаев, Х.Өзденбайев, Ғ.Жарылқапов, Ә.Жұмабаев, Т.Нұртазин, Г.Бальгер, Н.Шәкеев сынды тағы бастқа да аудармашылардың батыстың классикалық әдебиетін орыс тілінен және неміс, ағылшын, француз тілдерінен аударып, қазақ оқырмандары мен қаламгерлеріне тың қуат берген кезі болатын. Осы аудармашылар еңбегімен Оноре де Бальзак, Проспер Мериме, Ги де Мопассан, Конан Дойл, Л.Толстой, А.Чехов тағы басқа көптеген классиктердің шығармалары қазақ тілді оқырмандармен жүздесті. Соған жалғас бүгінгі әдебиеттің ақсақалдары немесе олардың кешелер дүниеден озған замандас қаламгерлері де ат салысты. Ол қатарда М.Мақатаеа, Қ.Мырза Әлі секілді көптеген ақындар шетел ақындарын қазақ поэзиясына пайдалы дәруменмен қамдады. Осының бәрі Қазақ әдебиетінің өткен ғасырдың 70-80-жылдардағы дамуының алтын кезеңіне тікелей себепші еді. Одан кейінгі әдебиетіміздің біртіндеп дәрменсізденіп, тіпті, қазіргі кей тұлғалар айтып жүрген тоқыру кезеңдері осы аралықтағы аударманың әлсіздігін көрсетпей ме? Бұндағы біздің ой аударма тарихын жіпке тізу емес, қайта маңызын жұрт есіне тағы бір түсіре кету.
Бір елдің томаға-тұйық күйде дамып, үлкен өркениет ретінде қалыптаса алмайтыны шын. Адамзаттың кемінде 4000 мың жылдық тәжірбиесі осыны көрсетеді. Әдебиетте дәл сол секілді. Оған өзіміздің де, шетелдің де талайдаған дәншпандары құлаш-құлаш ситат келтірген. Аударма – бір ел мен екінші елдің пікір алмасуы және бәсекемен ұшырасуы. Қазақ әдебиетіндегі көркем аударма саласы жазба әдебиет тарихымыздың әр кезін алып қарасақта дәл тәуелсіздік жылдарындағыдай кенжелеген емес еді. Әрине, елдің, ел емес, бір ғана мәдениет саласының да қаншама қайта құруды немесе дамытуды қажет ететін жақтары болды. Алайда, көркем аударманың тапшылығы көркем әдебиеттің дамуына көрнекті тұсау салды.
Бұнымыз «Көкжиек», «Аударма», «Шетел әдебиеті», «Өрен» т.б баспалардың он-он бес жылдан бергі шетел әдебиетінен аудармаларды басып шығарып келе жатқан еңбегін жоққа шығару емес. Аталған баспалар өз дәрежесінде еңбектер жасағанымен көбінде бұрын аударылған шығармаларды, тіпті 70-жылдардан бұрын аударылып таратылған кітаптарды қайта басумен шектеліп, жаңа туындылар мөлшері тым аз болды. Бұл кезде әлем әдебиетінің классик туындыларының өзі бірнеше ұрпақ жаңарып кеткен еді. Осы баспалар тарапынан аударылған Оноре Бальзак, Ги де Мопассан тағы басқа қазақ қаламгерлері мен оқырмандарына баяғыдан таныс авторлар қазақ әдебиетінде негізінен өз ықпалын өз кезінде жасап болған деуге де болар еді. Ал жаңа заман ең жаңа әдеби туындыларға сусындауы керек болатын. Бұған қоса қоғамдық жүйенің өзгерісіне сай, кітап шығару және оның таралуы өз қалпынан ауытқып, автор мен аудармашылардың оқырманмен байланысы саябыр тартқаны да осыған салқынын тигізгені шын.
Бүгінгі таңда аға буындарда – «жастар кітап оқымайды» – дейтін реніш пен күйініш аралас көзқарас қалыптасып барады. Сол жастар өкілі ретінде айтар едік, кітап оқитын жастар жоқ емес бар. Алайда, олардың саналарын болашақ қоғамның дамуына бағыттайтын, ұлттық болмысын сәулелендіруге нәсихаттайтын кітаптардың саны шектеулі, көп болған күнде де оларды талдып, сұрыптап оқуға аға буындардың жөн сілтеуі жетерсіз. Гумнитарлық бағыттағы мамандықта оқитын екі студенттің біреуі титтей болса да әдеби-танымдық кітаптарды оқығысы келеді, әйткенмен, қандай тақырыпта, қандай авторларды оқып іздену керектігіне жөн сілтеу қандай жасқа да керекті тәрбие. Оқымайды екен, оқуға қызықтыратын кітаптың жоқтығы. Ал ондай кітап жоқ екен, әдебиетіміздің дамуы саябыр тартты деген сөз емес пе! Өзге себептері бар болса да, аударманың аздығы әдебиеттің ауасын тарылтқанын ешкім жоққа шығармас.
Бізде бұлай екен, өзгелер де қалай? Өткен жылы қытайлық жазушы Мо Янь әлемдік Нобель сыйлығын алды. Ол халық саны миллиярдтан асатын және тарихы ұзақ, ұлттық әдебиеті бай деген елдің бетіне салық болып келген «новель силығын ала алмаудай» пердені сырып салды. Новель силығы туралы әр-алуан пікірдің бар екені рас. Алайда әдебиет пен басқа да ғылым саласы үшін берілетін халықаралық ең үлкен силық әзірге сол. Демек, батыс әдебиеті енді Қытай әдебиетімен санасады деген сөз. Оның тарихын, дамуын, көркемдігін ресми түрде мойындайды. Қытай әдебиетінің осы бір жетісітігіне сарапшылар былай деп пікір білдіреді: қытай қаламгерлері мен аудармашылары 90-жылдардан бастап шетелдегі бұрын-соңды классикалық туындыларды жаппай қытай тіліне аударды. Аударып ғана қоймады оны жанырлық, көркемдік, тәсіл мен стиль жақтарынан ішкерлей зерттеді, сол туралы сан мәрте талқы-кеңестер де ұймдарстыды. Нәтижесінде қалыптасқан және қалыптасу үстіндегі қытай жазушылары батыс әдебиеті туралы терең білім мен түсінікке қол жеткізді. Оны өздерінің ұлттық әдебиетідегі ұқсастықтар мен айрмашылықтарды саралады. Ақырында батыс пен шығыстың әдебиетін толық қамтыған туындылар жарық көре бастады. Қоғамда әдебиеттің өрлеу кезеңі қалыптасты. Ақыры Нобель сыйлығына сол көп жазушының алғашқысы болып Мо Янь қол жеткізді.
Бүгінде еуропа мен Америка да өтімді болған немесе жаңакөзқарас ретінде танылып, қоғамда күшті аңыс қозғаған әдеби туындыларының қытай тіліне аударылмағаны жоқ. Мысалы Америка жазушысы Дэн Браун жазған «Да Винчи құпиялығы» атты шығарма 2003 жылы басылып шығып жарты жылға жетпей қытай тіліне аударылып басылды.
Роллан Сейсенбаев жетекшілігіндегі Халықаралық Абай Клубының «АМАНАТ» журналы мен 200 томдық шетел классикалық әдебиетін аударып шығаруы бастамасы кітап құмар көп жасқа қуаныш әкелген жаңалық болды. Болашақ қазақ әдебиетінің дамуын көздесең бұл де жетерсіз болады сірә.
Бізде «Ұлттық әдебиеттің дүр сілкініп, ес жиып өркендеуіне, болашақ қазақ қаламгерлерінің әлем алдында Абай бастаған көркем әдебиетімізді асқақтатып, халықтың әдеби өмірін байтыуға бірегей үлесін қосатын шебелігі кемел алған аудармашы ағалар мен қаламгерлеріміз жетіп артады. Әне соларды жұмылдырып қазақтың қазақ тілді қауымын, ел ертеңі жастарды шетелдің соны туындылармен сусындатса» деген ұрпақ қамы, ұлт қамы тіл қамы деген алдағы ағаларымызға өтінішіміз бар!
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті,
Журналистика Факультетінен: Божан Есхат
Парақшамызға жазылыңыз
Дұрыс пікір, қолдауға тұрарлық
Иә, Әдебиеттегі ағалардың құлағына шалынған болса жақсы болар еді!
құдай үшін еміле қателерін дұрысташы…