Көк тасы еріген күн Самарханның,
Көгеріп көкжиегі Сары Арқамның.
Аты бар, заты дыр-ду той тойлаймыз,
Ауызын ашып қойып Сары апанның.
Жайнатып, іліп қойып ескі үндерді,
Ел жайлы естімейді ешкім де енді.
Көже ішіп көлайттаймыз, үкіметім,
Тойла деп күнтізбеден бес күн берді.
Ауыздан Ұлыс десем жыр шашырар,
Аспаннан Алла десем нұр шашырар!
Ұлыстың Ұлы Күні қайда деймін,
Ай бұрын ат сабылтар шыршашылар?!
Тойлаушы ед күні бұрын Наурызды,
Көрсетіп Алматымыз тәуір үлгі.
Клаус көшелерде міз бақпай тұр,
Қайтейін, өзімдікі бауыр ізгі…
Аңырап, шашса дағы қоймаң ызғар,
Үкімет бес күн берді, тойлаңыздар!
Ұлы күн, өйткені, Ол –
Сезіну бұл,
жылуын Тәңірінің ой маңыздар!
Тойлаңыздар!
Ұлыстың Ұлы Күні Құтты болсын!
Бақытбек Бәмішұлы, 20.03.2013ж
Парақшамызға жазылыңыз
Одан басқа не керек адам баласына, шынында да біз Тәңірдің нұрын сезінеміз. Тауып айтқан сөз екен. Алла разы болсын.
“Аңырап, шашса дағы қоймаң ызғар”… халықтың қаны ашығып барады, иә тойлаймызда
Бұдан да жаман күнде тойға барғасың, қазақ!
Аш құрсақты Алматы да тойлап жатыр, “өзіміздің бауырлар”
Салмағы жүректі шымырлатады екен.