//

Билік қашан қазақ тілінде сөйлейді?

878 рет қаралды
1

tilЕліміздің саяси,  экономикалық, әлеуметтік және рухани тірлігіндегі аса күрделі мәселердің бірі тілдік ахуал екені екінің біріне түсінікті жағдай. Осы бағытта істеліп жатқан мемлекеттік және бұқаралық іс-шаралардың нәтижесі мен келеңсіздіктері жөнінде айтылып, жазылып жатқан дүниелер ұшантеңіз болғанымен мемлекеттік тілдің өзінің Ата Заңда көрсетілген мәртебесіне ие бола алмай, екінші бір бөгде тілдің күрмеуінде қалып отыруына кім-кімдіде бейжай қалмайтыны да рас. Алайда Еліміз отарлық бғаудан босанып, өз алдынеа жеке мемлекет болып қайта құрылғаннан бергі жиырмадан астам жылдың жүзінде мемлекеттік тіл мәселесі бірде бір рет күн тәртібінен түсіп көрген жоқ. Таққа көтерілген жаңа премьер-министрлер келген күнінің ертеңгі таңынан бастап бүкіл жиналыс-жиындар мемлекеттік тілде өтетініне не өздері бір неше айда қазақша суша сылдырайтынына уәде береді де сонымен іс біті, қу кетті әрекетке көшеді. Көш тоқтап тұрады. Солай ету дағдыға айналып кетті. Жиырма жыл мемлекеттік тіл туралы қақсағанда мемлекеттік тілде сөйлеген бірде бір ұкімет не бірде бір министрлік жоқ. Ал Елбасы болса мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру туралы айтуын, ұғатын жанға, іскер басшы болса, жеріне жеткізіп-ақ айтып жатыр. Арғы жылдарға бармай-ақ, соңғы алты  ай көлеміндегі Президенттің тіл мәселесін қозғаған сөздеріне назар аударайын.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған сөзінде: «Қазақстан халқын біріктіретін қуатты құрал – ол біздің мемлекеттік тіліміз. 2020 жылы мемлекеттік тілді меңгерген отандастардың үлесін 95 процентке жеткіземіз. Тәуелсіздік жылдары қазақ халқы – ұлыстың ұйытқысына, қазақ тілі – тұтас ұлыстың ортақ тіліне айналды. Еліміз қуатты болса, мемлекеттік тілдің болашағы да соншалықты шуақты болмақ» деп қазақ тілінің ертеңін болжап, болашағын айқындап берді. Содан соң, көп кешікпей, «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты биылғы халыққа жолдауында Елбасы қазақ тілі мәселесіне және де ерекше тоқталды». Онда: «Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз. Біздің міндетіміз – оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту. Қазақ тілін дамыту саясаты одан жерінуге, тіпті қазақтардың өздерінің бойды аулағырақ ұстауына ықпал етпеуі керек. Керісінше, тіл Қазақстан халқын біріктіруші болуға тиіс. Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде. Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мәніндегі мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде, біз елімізді ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТІ деп атайтын боламыз»,- деп үкіметке, халыққа үлкен міндет жүктеді.

Ал кеше ғана Астанада «Қазақстан-2050»: бір халық – бір ел – бір тағдыр» тақырыбы аясында өткізілген Қазақстан халқы ассамблеясының ХХ сессиясында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев­ мемлекеттік тіл мәселесіне тағы да тоқталмай өте алмады. Елбасы өзінің бұған дейін тіл төңірегінде айтып келген ұстанымын тағы да бір мәрте тұжырымдай келе ол былай деді: «Тіл бар жерде халық бар. Тіл бар жерде, оның мәдениеті бар. Тіл жоқ болса, оның бәрі жойылады. Енді жүздеген этностар бір ұлтқа айналуы үшін оны бірік­тіруші материал керек. Бүгінде ұлттың басын біріктіретін фактор – қазақ тілі, мемлекеттің тілі».

Осы үлкен мақсатты мұратқа жеткізетін кім? Әрине, билік. “Ұлттың басын біріктіретін” күш кімнің қолында, биліктің қолында. Елге қызмет етіп отырған Үкімет. Үкімет ісін жүзеге асырушы министрліктер емес пе? Ендеше осы үкімет неге мемлекеттік тіл мәселесіне келгенде тұсаулы жылқыдай адымын аша алмай кібіртіктеп қалады. Жұмыртқа лақтырылған анау Әбденов секілді мемлекеттік тілді білетін білікті, атқа мінер азаматтар Қазақ Елінде жоқ болғаны ма? Қарапайым жұрт ойлайды, біз ойлаймыз, егер билік, елтұтқасын ұстаған азаматтар қазақ тілінде сөйлесе бүкіл жүйе жанданып, жалғыз күнде кенет тілі шыққандай сайрап жүре берер еді деп. Жұрт, ел, қазақстан халқы қазақша сөйлемей отырған жоқ, сөйлейін десе билік сөйлетпей отыр, биліктегілер, үкімет пен министрліктегілер қазақша сөйлемей, істі қазақша жүргізбей тіл мәселесін үнемі тұйыққа тіреп, заңды табан асты етіп, Елбасының сөзін елемей отыр. Үкімет іс-қағаздарын қазақ тілінде дайындап, үлкенді-кішілі жиналыс-жиындарын қазақ тілінде жүргізсе біреу қолын қаға ма? Біз өз билігіміз өзіміздегі, өзімізді өзіміз басқаратын мемлекет емеспіз бе? Олай болса көп жылдық көже сөзден іске кірісетін уақыт жеткен сияқты.

Билік Елбасының сөзіне қашан мән берер екен? Билік қашан қазақ тілінде сөйлейді?

Б.Бақытбек

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

  1. Билік биліктен кеткен күні қазақша сөйлейді.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар