//

Министрге екі жұмыртқа лақтырған

1037 рет қаралды
5

Abdenob2013 жылы сәуірдің 26 күні Алматыда өтіп жатқан брифинг кезінде ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденовке көпшілік белсендісі  Андрей Цуканов деген азамат жұмыртқа лақтырған.  Осыдан бірнеше күн бұрын Серік Сатыпалдыұлының Қарағанды қаласында металлургия өндірісінде жұмыстайтын әйелдермен  кездесу өткізіп, Қазақстандағы зейнетақы жүйесін жетілдіру бағытын түсіндірген. Сонда ол  «әйелдер неге 63 жасында зейнетке шығу қажет болды» деген сұраққа ««Сіздердің жұмыс істеулеріңіз керек, солай, құрметті жерлестер, солай болды, солай» … деп  жауап беруі жұрттың қитығына тисе керек. Андрей Цуканов

Андрей Цуканов  «Қарағанды мен бүкіл елдің масқарасын шығармаңыз!» деген сөзбен оған екі жұмыртқаны атқан. Бұл әрекеті үшін ол – Цуканов жеті тәулікке қамалған. Ал министр болса бұл сөзімен адамдарды тыныштандыруға тырысқанын айтқан.

Бейне таспаны мына жерден көріңіз: More: http://rus.ruvr.ru/2013_04_26/Glavu-Mintruda-Kazahstana-zakidali-jajcami-v-Alma-Ate-VIDEO/

Мінбер-ақпарат

Парақшамызға жазылыңыз

5 Comments

  1. Дұрыс істеген Андрей Цуканов, жастай алжыған мына министр

  2. Иә, біздің басшылар өзінің не істеп , не қойғанын білейтіндігін көрсетіп-ақ жатыр.

  3. Мемлекеттің арналардың бұл хабарды жасырып қалуының өзі біздің билік пен халық бұқараның арасы алшақтап кеткендігінің айғағы.

  4. Менің министр Әбеніпке атылған жұмыртқа туралы facebook – ке жазған пікірім мынадай екен:
    Министрдің мүләймән, бейкүнә, сәбилігін паш етті…
    Мәселе, Патамушта да тұрған жоқ, мәселе министрдің мүләймендігінде, оның ләппәй тақсырдың жетегінде, негізсіз реформасын негіздей алмаған рухында болып отыр емес пе! Мен жұмыртқа да, Әндірей де Қазақ дер едім!
    Сенекеуің жігіттер, құр, намысқа шаппаңдар! Министрде мыс, намыс, жігер, қайрат, елдік, ұлттық қайрат болу керек қой. не істеп отырғанын білмей, кім не айтса соның артынан бөйтектемей. Халқына қызмет етпесе оның қазақшасынан не пайда!
    Мынау биліктің ездігіне атылып отырған езілген жұмыртқа!
    “Ол бағдарламаны түсіндіре алмады дейді, оның арғы себебі бар шығар…” Министр жігіт болса осы себепті ашпай ма, халқын еңіретіп құрбандыққа шалғанның орнына
    мен Әндірейдің істегенін істейтін бір қазақтың шықпағанына қаным қайнап отыр! Оның істеп жүрген ісі қып-қызыл зорлық қой. жастағы Анаңа қайтіп көмір қаздырып қюға бас шұлғып отырмыз,ә!
    Ы, содан бас тарта алмай бейшора күйге түсіп отыр ғой, сорлы күйкентай!

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар