///

«Қазақтың бірлігі қазаққа ғана керек»

744 рет қаралды

Президент бұл сөз­ді­­ бекер­ айтқан жоқ. Ға­­сырлар бо­йы ар­­манда-ған тә­уел­­сіздіктің баянды болуы үшін ендігі жерде қоғамның барлық мүшесі «Бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып», ортақ мүдде жолында аянбай тер төгуге тиісті. Өйткені, бірлігі жарасқан ел ғана баянды болып, мәңгілікке жол сала алады. 

224325yeyez8e52vvnhxwb

Ақиқаты, қазақ қоғамының бірлігі қазаққа ғана керек.

Небір қиын кезеңдерді артқа тастап, әлемге танылып жатқан тұста ынтымағымыздың одан әрі жарасып, жаттай сыйлау қажеті, алдымен, қазаққа керек.

Жақсылыққа жаға жыртысып жете алмаймыз. Тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап көздің қарашығындай сақтап келе жатқан ымыралы ынтымағымыз бен бергектей бірлігімізге сызат түсіріп алмауымыз үшін саяси сабырлылық пен әлеуметтік тағаттылық керек.

Елбасының «Қазақтың бірлігі – елдігіміздің кілті, ең басты мәселесі. Ел бірлігі – ең асыл қасиет. Бірлік, ынтымақ, сабырлылық пен парасаттылық ең алдымен өзімізге – қазақтарға керек» деген сөзінің өзі қазаққа қатысты.

Басқа тілде сөйлеп, басқа діннің жетегінде кеткендер көп. Тіпті, руға, жүзге, жерге бөлініп алып, ішкі тыныштықты бұзып жүрген қаракөз қандастарымызды жүгендеуге тиіспіз. «Біз – қазақпыз. 11 млн қазақ болдық. Енді соны үшке бөлетін болсақ, онда ел бола алмаймыз» деген Президенттің сөзі барша қазақтың ұлттық ұстанымына айналса дейміз.

Ел ішінде, ұлт пен ұлыс арасында жанжал шықса, мемлекет құлдырайды. Өз тыныштығымыз үшін өзгенің тыныштығына құрметпен қарауды білгеніміз абзал.

Иә, түрлі ұлт пен ұлысты ұйыстырып отырған ел – қазақтікі.

Қойнауы қазынаға бай жер де – біздікі.

Ұлттық құндылықтары ұлықталған дәстүр – қазаққа тиесілі.

Сыртта жүрсе де, елдегі бейбітшілікті бір Алладан тілеп жүрген қандастарымыз – қазақ.

Өз елінде кейде өгей баланың күйін кешіп жүрсе де, ұлттық тіліміз – қазақ тілі.

Дініміз бен діліміз, әдебиетіміз бен мәдениетіміз, руханиятымыз бен ұтырлы саясатымыз ұлт мүддесіне, ұрпақ қамына қызмет ете алса, ұшпаққа шығармыз. Ендеше, айтарымыз да, жазарымыз да тек қазаққа ғана керек.

Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ

“Астана ақшамы”

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар