//

ТУ ТАЛАҚАЙ

729 рет қаралды

Бір аптадай уақыт бұрын kerekinfo.kz – блогтұғырында «Жыртылған ту» деген тақырыппен пост жарияланды.

0

Әдетте шулап кететін журналисттер қауымы да, ұлтшыл патриоттар да үнсіз. Тек астына 5-6 пікір жазумен ғана шектелген. Айта-айта журналисттер, жаза-жаза блогшылар шаршаған сияқты.

Жауапты орындардың да заң шығарумен ғана шектеліп, заңның орындалуына аса бастары ауырмайтын секілді.

ОҚО Түркістан қаласында жаңадан мешіт салынып жатыр. Түсірілген суретке сенсек, бас-көз болып отырған Астана қаласындағы Түркия елшілігінің дін қызметтері кеңесі екен. Салсын. Құптарлық-ақ іс. Алайда, бір емес екі мемлекеттің туының жыртылып тұрғаны қынжылтатын-ақ іс. Құр жыртылып қана қоймаған, суретте жұлым-жұлым болып тек жартысы ғана қалғаны анық көрініп тұр. Бұлай жыртылу 1-2 аптаның емес, 3-4 айдың «тірлігі». Яғни сонша уақыт бойы салынып жатқан мешіттің үстінде жұлым-жұлымы шыққан қос ту «желбіреп» тұрды деген сөз.

«Бөрілі менің байрағым»,-деп жырлаған ата-бабаларымыздың ұсақталған ұрпағы бөрімен бірге намысын да жоғалтқан секілді..

1

Данияр Алан

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар