///

Мамырдың 7-і «Отан қорғаушылар күні»

1066 рет қаралды
2

Мамырдың  7-і «Отан қорғаушылар күні» бұл аса абыройлы, ұлық күндеріміздің бірі. Еліміз өз тәуелсіздігін алғаннан кейін, бостан елдің, азат ойымен өткен тарихы мен тағдырын таразылап, жаңаша бүгінгі заман талабына сай баға берді. Соның нәтижесінде Ұлттық Отан қорғаушылар күні өмірге келді.  Бұл қазақ тарихының жаңа бір белесі, Қазақ Елінің өзін өзі басқаруының, өзін-өзі қорғай алатындығының, күш-қуатының көрінісі.

«Отан қорғаушылар» дегеніміз тек қана бүгінгі күннің әскери  азаматтарымызға сый-сыйапат көрсетіп, солардың құрметіне мерекелер ұйымдастыру ғана емес, Алаш Алаш болғаннан бері елі мен жерін қорған, мынау байтақ өлкемізді басқыншы жаулардан аман сақтап артындағы ұрпаққа аманат еткен қолына қару ұстан жаны мен тәнін туған жердің бір тал шөбі үшін құрбан еткен Алаш баласы,  кемінде мың жылдан бергі мәселен, Қарақыпшақ Қобыланды,..хас қолбасшы Қожаберген жырау, Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Науырызбай, Ер Жәнібек,… Хан Кене, Исатай мен Махамбет… заманымыздың батырлары Зуқа батыр, Оспан батыр, Бауыржан Момышұлы мен Қасым Қайсенов, Әлия мен Мәншүк, кешегі Рысқұлбектер. «Отан қорғаушылар күні» осы Ұлы батырларымызды ұлықтап, солардың Рухын асқақтатып,бүгінгі Қазақ Елінің Қарулы күштерінің әлеуетін көрсетіп, қаһармандық тарихын мадақ етіп,  насихатап, отан қорғау әр бір Алаш азаматы үшін аса абыройлы міндет екненін жас ұрпақ санасына тереңдете сіңіретін, рухты, намысты, арлы, елін-жерін шын сүйетін азамат тәрбиелеуге өз үлесін қосатын үлкен іс шаралар күні. Сондықтан да бұл күннің маңызы ерекше! Баршаларыңызды осы айтулы мерекелеріңізбен Құттықтаймыз! (Суретте Қалбатаудағы Ер Жәнібек ескерткіші.  – Мінбер фото қорынан)

Мінбер-ақпарат

Парақшамызға жазылыңыз

2 Comments

  1. Осы күнді ерекше ұлықтап, әскери шерулерді үлкен қалалардың бәрінде өткізсе қандай жақсы болар еді

  2. Біздің айбынды армиямыз бен жер қайыстырған қуатты қолымыз, бүгінде бүкіл дүниежүзі қабылдаған тұрақты әскери жүйеміз 2 мың жылдан бері бар. Біздің жыл санауымыздан бұрынғы 209 жылы құдіретті Хұн тәңірқұты Мөде қаған он мың сарбаздан құралған өзінің жеке түменін ондық, жүздік және мыңдық жасақтарға бөліп, олардың бастарына онбасы, жүзбасы, мыңбасылар тағайындаған. Содан бері бұл жүйе өзгермей жалғасып келеді. Ендеше “мәңгілік ел” мұратын қайта жалғаған еліміз әлемде тұрақты әскерді қалыптастырған ең байырғы жауынгер халық! Біз мұны мақтан тұтуымыз керек.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар