///

Париждегі қазақ құрылтайы

1162 рет қаралды

Оған Еуропаның 10 елі мен АҚШ, Түркиядан да өкілдер қатыспақшы

Кеше Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашев бастаған делегация Франция астанасы Па­риж­ге келді. Мақсат – Еуро­па қазақтарының кіші құрыл­тайын өткізіп, осының аясында Қазақстаннан барған өнер ұжымдары мен кино саласы мамандарының еңбектерін шетелдегі қандастарымызға көрсетіп, насихаттау және түрлі спорттық шаралар­ өткізуге ұйытқы болу. Бұл форум­ға қатысуға Еуропаның  10 елі мен АҚШ, Түркиядан да өкілдер келіп отыр. Қазақ­стандық делегацияға келер бол­сақ, құрамында сенатор,­ академик Ғарифолла Есім, Мәдениет және ақпа­рат ми­нистрлігі Тіл коми­теті­нің төрағасы Мақсат Ысқа­қов, Білім және ғылым министр­лігі Философия, саясаттану және дінтану институты директорының орынбаса­ры, профессор Серік Нұр­мұ­ратов, Ш.Айманов атын­дағы «Қазақфильм» ак­цио­нерлік қоғамының бас ре­дак­торы Дидар Амантай, Астана мем­лекеттік филар­мо­ния­сы­ның әншісі Алтынай Жо­ра­баева, күйші Ерген Еркін се­кілді белгілі адамдар бар­ бұл топ үш күн бойы Еуро­па қазақтары мәдени орталықтары жетекшілерінің басқосуына қатысып, дөңгелек үстел жұмысындағы жанды пікірлердің тууына мұрындық болады. Сондай-ақ, «Ағайын» бағдарламасы бойынша арнайы телехабар дайындауға атсалысып,  республика өнер шеберлері өкілдерінің гала-концертін ұйымдастырады.

Жанболат ӘЛИХАНҰЛЫ (Аупбаев),

«Егемен Қазақстан» –

Парижден.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар