Жұмыстан қайтып келе жатыр едім, алдымнан жүгіріп шыққан Ақтанай баяғы ақша сұрады. “Осы ақша демесең жүре алмайсың ба? Шықсам да, кірсем де ақша” дейсің деп оған сөйлей беріп едім, есік алдында күншуақтап отырған екі әйел де әңгімеге араласа кетті. Жастауы өзінің баласының да осындай екенін айтып мәз боп жатыр еді, үлкені “балаларға ақша үлестіріп жүретін әдетім бар еді. Қазір ақшам жоқ. Үш ай болды пенсия ала алмай отырғаныма” деп жылап жібермесі бар ма? Жүрегім езіліп кетті. Қасына отыра қалып, проблемасын сұрай бастадым. Биыл 58-ге толып отырған апамыз, бұған дейін мүгедектігі үшін жәрдемақы алып келген. Өзі Қытайдан оралған. Әкесі мен анасы екеуі де сексеннің сеңгірінен асып, о дүниелік сапарға аттанды. Алматыда бір інісі тұратын көрінеді. Алайда оның жұмыстан қолы тимейді. Ежелден отбасының досы болып жүретін Риза есімді бір келіншек оған көмектескен болып, зейнетақысын рәсімдеуп бергенге ұқсайды. Алайда, Ельнар апамыз оған сене алмай отыр. Өйткені, зейнетақың рәсімделді дегелі үш айдың жүзі. Бірақ оның «Халық банкіндегі» есеп шотына бір тиын да түспеген. Ал өзінің зейнетақысын қузайтын жайы белгілі. Қолымнан келгенше көмектесуге уәде беріп, құжаттарын және ИИН-ін жазып алып үйге ендім.
Есен Байнұр.
Парақшамызға жазылыңыз
О, байқұс оралман, сен жалғыз емессің, сендей талай зейнеткер жылап жүр