//

Әлхамдулилла, 17 миллионнан астық!

592 рет қаралды

Әзірге, ресми тіркеуде тұрған ҚР халқының саны 2013ж. 1 мамырдың есебі бойынша16990,1 мың адамды құрады, соның ішінде қалалықтар – 9327,8 мың (54,9%), ауылдықтар – 7662,3 мың (45,1%). Бірақ, есепке ілікпеген жаңа туғандарды қоса есептегенде, ел тұрғындары 17 млн. асты деп айтуға болады деді Статистика агенттігінің төрағасы Ә.Смаилов баспасөз мәслихатында.

2013ж. қаңтар-сәуірде республика халқының табиғи өсімі 79,3 (2012ж. қаңтар-сәуірде – 77,1) мың адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 14,2 (13,9). Осы уақыт ішінде АХАТ органдарында 127,7 (126,5) мың туылғандар тіркелді, бұл 2012ж. сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1%-ға артты. 1000 адамға шаққандағы туудың жалпы коэффициенті 22,8 туғандарды құрады. Өлгендер саны – 48,4 (49,3) мың адам ( 1,8%-ға кем). 1000 адамға шаққандағы өлімнің жалпы коэффициенті -8,7 (8,9) .
Осы уақыт ішінде АХАТ органдарында 47 (46,2) мың неке тіркелді. Олардың саны 2012 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,7%-ға көбейді. Некенің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 8,4 (8,3) құрады. 16,5 (15,1) мың ажырасулар тіркеліп, олардың саны 9,3%-ға өсті. Ажырасудың жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 2,9 (2,7) құрады.
Жыл басынан бері республика бойынша көші-қонның оң айырымы қалыптасты. Республикаға келгендер саны кеткендер санынан 1111 адамға немесе 20,1%-ға артты.
Еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен орын алуда. Оның келген-кеткендер саны, тиісінше 5385 (81,1%) және 5143 (93%) адамды құрады. Ел ішінде қоныс аударатын көшіп-қонушылар саны 21,9%-ға азайды және 87,4 (111,9) мың адамды құрады. Өңіраралық қоныс аудару бойынша халық көші-қонының оң айырымы еліміздің 6 өңірінде байқалды: Астана (3842 адам) және Алматы (1998 адам) қалаларында, Алматы (1883 адам), Маңғыстау (647 адам), Атырау (206 адам) және Павлодар (118 адам) облыстарында.
Дәулетқали АСАУОВ

baq.kz

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар