/

Б.Бәмішұлы: Екі әңгіме

1053 рет қаралды
1

Бүгінгінің әңгімесі:

             Бұрын,– дейді,– менің Дукат деген інім,– жұрт бір-бірімен сәлемдескенде ауыл-аймақтың, ел-жұрттың, мал-жанның, үй-іш, бала-шағаның амандығын сұрап, қыстан есен шықтыңдар ма, ит-құс тыныш па?– деп жатушы еді. Ал ендігінің адамдары болса,– әй, әлгі кімнің кімісі пәленше ішіп кетті деуші еді, әлі ішіп жүр ме екен?– деп амандасатын болды,– дейді.

Бір уыс алтын:

             Бір кейуана ауылдан шығып, ұзын жолдың бойына түсіп алған желдіртіп кетіп барады дейді. Біраз уақыт, біраз жер жүрсе  керек. Бір заматта бейсауат келе жатқан бір адам жолығыпты. Сөйтсе ол өзінің ауылдасы ма, әлде құдайы көршісі ме болса керек. Кемпірден жаяу-жалпы қайда кетіп бара жатқанын сұрайды ғой, сонда кейуана: – Е, қарағым, бір уыс алтынын жерге тастамас деп кетіп барамын,– бар пәле әлгі бір күрткіден шықты ғой, пенсиама (зейнет ақысы – Б.Б.) бірі болмаса бірі киер деп бір күрткі ала салғамын ғой, соған әлгі екі жынды неме таласып, қырық пышақ болып, ақыры, бұ кемпірді саған тапсырды ма, жоқ, маған тапсырды ма дегенге келді ғой. Келінде үн жоқ. Содан екеуіңе құдай күнімді салмасын деп, төркініме кетіп бара жатқан бетім осы, бір уыс алтынын жерге тастамас,– депті.

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар