//

Еcенғали Раушанов: Жошы ханның жалғасы

702 рет қаралды

шаңгерейҮшбу дәфтәрнiң иесiн Күн дидарлы, нұр сипатты, Тәңiр тағаланың сүйген оғланы, ғәрiпғәсiрдiң қорғаны қаһан Шыңғыстың қазаққа сiңген ардасы, Жошы ханның жалғасы, ата тегi оман дария арнасы, ана тегi аққу құстың андасы, құрама темiр құрышы, алты арыстың ырысы, қара судың бойынан, қара таудың ойынан Әзiрет Әлiдей тұлғалы, қара надан құрбаны, аплатондай ақылды Әбiлқайыр сойынан Бөкейхан тегi Паңгерей шайыр деп бiлерсiңiз”.

1922 жылдың 13 қарашасы. Мәскеу пойызы Сайқын стансасына ентiге келiп тоқтаған. Бөлек купедегi Паңгерей ақын орнынан тұрарда алдында ашулы жатқан қойын дәптерiне құрдастары жазған осы сөздердi оқып, миығынан күлiп қойды.

Ол перронда жалғыз өзi теңселiп әрлi-берлi бiраз жүрiп қалды. Вокзал қызылды-жасылды ұранға толы. Жанынан сап құрып, шеру тартып қызыл отряд өттi. Ақын жiбек ормалын алып мұрнына ұстады. Саудагер ноғай кешiктi. Қара жыландай иреңдеп қазақ қырына сiңiп бара жатқан пойыздың соңынан аңырып қарап қал­ған ақын “хал ничик, султан” деген жылымшы дауысты естiп артына бұрылған, саудагер де қызыл әскердiң киiмiн киiп алыпты. “Әкелдiң бе?» – деп сұрады Шәңгерей салғаннан. “А как же, как вы просили, ваше благородие”, – дедi ол жылдам сөйлеп. Ендi бiр сәт шайыр ұсынған бiр буда ақшаны қобыратып қойнына тыққан ол оң қалтасынан алтын тапаншаны суы­рып алып, ақынның алақанына салды. Шәңгерей  талайдан берi жамбасын қажап келген қара маузердi ағаш кабурасымен қосып шо­йын жолға лақтырып жiбердi де, “фрак ше?” – дедi сұраулы жүзбен. “Оны да әкелдiм, ағаеке”, – дедi ноғай қазақшалап.

Сол күнi ұлы бесiнде Орданың өкпе тұсындағы жал құмда, Ата бейiттiң алдында фрак киген ақын өзiн-өзi атып өлтiрдi. Алтын тапаншамен.

Күн дидарлы, нұр сипатты қаған Шыңғыстың қазаққа сiңген ардасы Жошы ханның жалғасы, ата тегiн сұрасаң, оман дария арнасы, ана тегiн сұрасаң, аққу құстың андасы, қара судың бойынан, қара таудың ойынан аплатондай ақылды Әбiлқайыр сойынан Бөкейхан тегi Паңгерей шайыр.

Ескерту: Тақырыбын қойған Мінбер.кз

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар