Қызылорда облысының аумағында күріш алқабын дәрілеп жүрген Ан-2 ұшағы құлады деп Tengrinews.kz хабарлайды облыстық Төтенше жағдайлар дептартаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға бүгін таңғы 8:00-дер шамасында Шиелі ауданының «Халық» шаруа қожалығының күріш алқабында орын алған. «Егістікті тыңайтқышпен (сульфат аммоний) дәрілеу барысында «Астана Флоен Спур» компаниясына тиесілі Ан-2 УП-А 0126 ұшағы құлады. Апат салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Ұшақта болған 1964 жылы туылған экипаж командирі мен 1985 жылы туылған ұшқыш та дін аман» – делінген таратылған баспасөз парақшасында.
Оқиға орнында арнайы техникалармен және құралдармен жабдықталған Шиелі аудандық ТЖБ жедел тобы жетіп, тексеру, анықтау жұмыстарымен айналысуда.
baq.kz