/

«Алматы менің алғашқы махаббатым»

894 рет қаралды

дариғаЖасын-найзағайдай жарығы күшті күркірмен жар салған«Алматы менің алғашқы махаббатым» атты фестиваль Алатаудың етегінде, Алматының төрінде «Сұңқар» шаңғы трамплинінде өтіп жатыр.  Спорттық трамплиннен бұл күндері атақты шаңғышылар емес аттары дардай әншілер, бишілер «қарғып-секіруде». Қаншасының әлемдік рекорт жаңғыртарын бір құдай білсін. Фестивалді тек арнайы шақыру алған адамдар ғана арнайы көлікпен барып тамашалай алады екен. Сондықтан біз де Алматы желкесінен алыстан жеткен түнгі жарыққа қарап, құлаққа еміс-еміс естілген сарын мен ғаламтордан оқып білгеніміз бойынша осы хабарламаны жазып отырмыз.

Көрерменнің қарасына қарағанда фестивалді өткізуге дайындық жасаған жандардың өзіне де шақыру тимей қалған секілді. Өйткені ретро-фестиваль дайындығына 3300-дей адам қатысқан екен. Бұл топ фестиваль алаңынан көрініс берген жағдайда оның өзінің қарасы біршама мол болар еді. Қала жастарын қара нөпір ғып қасына жинаған Қайрат Нұртасқа екі күн бұрын қатыспайсың деген хабар келіпті. Оның себебін олар сұрамапты да.

Фестивалді оның идеялық дем берушісі, жігерлендірушісі әрі қамқоршы-жанашыры Қазақстан Парламентінің мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева ашқан. Ол 14-ретінші рет өтіп жатқан ретро-фестиваль ауқымды  музыкалық оқиға болды деп атаған. Оның айтуына қарағанда бұл ретро-фестивальдің дайындығына 1800 әнші, биші, әлеуметшілер және 1500 режиссер, монтажшы-жұмысшылар қатысқан көрінеді. Сондай-ақ, Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов құттықтау сөз сөйлеп, аспапта ойнап музыкалық сәлем жолдаған. Әкімнің бұл ісіне дән риза болған Дариға Назарбаева «біздің сүйікті қаламыздың әкімі ғана осылай сіздер үшін ойнайды» деп ағынан жарылған. Ал Венера Назарбаева болса Britney Spears — Baby one more time  американдық поп-див хитін  Сара Амангелді, Малика Есмухамедовамен бірігіп шырқаған. Дәстүр бойынша Дариға Назарбаева «Түрік хорымен» бірге сөзін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жазған «Наз қоңыр» композициясын және Canto della terraны орындап берген.

«Алматы менің алғашқы махабаттым» атты фестиваль Алатаудың етегінде, Алматы төрінде «Сұңқар» шаңғы трамплинінде өтіп жатыр. Бұл жолғы фестиваль «Музыкалық ринг» деп аталады. Қазақстан тарапынан қатысып жатқандар: Роза Рымбаева, Айгуль Бабаева, Нұрлан Абдуллин, Айжан Нұрмағамбетова, Мақпал Жүнісова, Ғани Қасымов, Дариға Назарбаева, Джамиля Серкебаева, Дильназ Ахмадиева,  «КешYou», «Орда», «Rin’Go», «Ұлытау» топтары, Макпал Исабекова, Лидо, Ерлан Көкеев, Алишер Каримов, Толкын Забирова, Кадырали Болманов.

Ретро-фестивалдің биылғы хедлайнерлері әншілер Sandra мен Натали,  Army of Lovers, E-type, Ттүрік хорлары болса керек.

«Алматы менің алғашқы махаббатым» атты ретро-фестивалі атына заты сай ма, оны көрерменнің патша көңіліне қалдырдық.

Қарамер

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар