///

Тағы да өрт, Алматы қара базарында…

816 рет қаралды
1

ort 1Алматы қаласының аты шулы қара базары бүгін тағы да өртке оранған. Бұл туралы қаланың Төтенше жағдайлар департаментінің ақпарына сілтеме жасаған Tengrinews.kz. хабарлайды. Бұл жолы «Алтау-2» базарының бірнеше контейнерінде өрт  шыққан. Базар мен базарға жақын орналасқан ауыл-үйлер полиция қоршауына алынып, тілсіз жау өшірілген. Алайда, қара базарды келесі кезек кімдікі, кімнің, қай базары қызыл жалынға оранар екен деген үрей билеп алған. Өрт кездейсоқтықтан емес қасақана жасалынып жатыр деген қауесет белең алған. Дүние-мүлкіннен айырылған жандардың жүйке-жүйесі жұқарғаны сондай өздері өртеніп кетейін деп күйіп тұр. Қайтсін, мал ашуы, жан ашуы.

Осымен қара базар үшінші рет отқа оранды. Соңғысы жуықта, 2013 жылдың 17 қарашасында Алматының  “Құлагер”, “Арал” және “Еуразия” базарлары өртенген болатын. Орын-жайсыз қалған саудагерлер сол төңіректегі автотұраққа жабайы жайма базар ашқан.

Осы оқиға бойынша “20 қарашада қалалық ІІД ҚР ҚК 187-бабының 2-тармағына сәйкес (“Әдейі өртеу жолымен өзгенің мүлкін қасақана құрту немесе бүлдіру”) қылмыстық іс қозғалып, ішкі істер органдарының тергеуіне берілген» деген  “Құлагер”, “Арал” және “Еуразия” базарларында шыққан өртті тергеу туралы” тақырыбында өткен брифингте ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары Владимир Беккер.

Ол сондай-ақ базардың электр сымдарының жағдайы өрттің шығуына себеп болмағаны анықталғанын атап өткен. Оған қоса сынақ зертханасының мамандары жүргізген тексеру нәтижесі бойынша “Құлагер” базарында бірнеше жерден өрт шыққаны белгілі болған. Экспресс-талдау жүргізу жолымен өрт шыққан орындарда көп мөлшерде тез жанатын жанар-жағармай сұйықтықтары табылған. http://news.nur.kz/kk/291841.html

Алматы қаласының әкімі Астана журналистеріне берген жауабында қажет болса, іске кедергі келтіріп отырған Алматының қара базарының қожайындарының атын айдай қылатыны жөнінде айтқан болатын. «Осыдан кейін өрттің шығуы тіпті жиілеп кетті» деседі жұрт. Айында емес, енді аптасында өрт  шығып, базармен нәпақасын тауып отырған жүздеген адам көшеде шулап қалды. «Малым жанымның садақасы» дейді дүниесі күл болған базарлықтар…

 Қарамер 

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

  1. “Барахолка” – шын мәнісінде атқамінерлердің арасындағы текетірес обьектісі екендігі осыдан байқалады. Ең өкініштісі, екі түйе сүйкеніп, арасында шыбын өлгеннің кері болып тұрғандығы. Қарапайым халықтың зардап шеккендігі. Алайда кландардың арасындағы соғыстың бітетін түрі байқалмайды.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар