Алматыда әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетінде ЕҚЫҰ-ның Астанадағы орталығының қолдауымен “Мінбер” журналистерді қолдау орталығының ұйымдастыруымен “Журналистік білім беру мәселелері: Жаңа медиа мүмкіндіктерін пайдалану” тақырыбында дөңгелек-үстел және үш күндік семинар тренинг өтіп жатыр. Тренингті сондай-ақ, ЮНЕСКО-ның Алматыдағы кластерлік бюросы мен әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің Журналистика факультеті интелектуальдық тұрғыдан қолдау көрсетіп отыр.
Семинар-тренингке Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі журналистика факультеті мен журналистика кафедрасының оқытушылары шақырылды.
Тренингке қатысушы Асхат Сәдібек пен Дана Нұрбекованың пікірі
– Негізгі мақсат журналистика факультеті мұғалімдерінің біліктілік деңгейін арттыру арқылы, журналистік білім берудің сапасын арттыру, – дейді “Мінбер” журналистерді қолдау оталығының жетекшісі Есенгүл Кәпқызы. Тренерлер – Асхат Еркімбай, Бақытгүл Салыхова және Қарлыға Мысаева.
“Мінбер-ақпарат”
Парақшамызға жазылыңыз
Аталмыш тренингтің бүгін екінші күнгі жалғасы болып жатыр. мен мүмкіндігінше тренингтен қалмай, қатысуға тырсудамын. неге десеңіз, бұл семинарда біз білмейтін көптеген жаңа дүниелерді біліп, үйренуге мол мүмкіншілік бар. менің бұл пікіріммен келген қонақтардың көбісі толықтай келісетініне сенімдімін. Қазір, менің жаңа медианы үйреніп, оны алдыңғы уақытта үздіксіз жүргізіп отыруға деген құлшынысым өте жоғары,,, Асхат Еркімбайдың тың дәрістерінен алған әсерімді сөзбен жеткізуге келмейді.
Қалай қатысуға болады екен??
Жалпы жаңа медианың келуі оқырмандардың бүгінгі талғамын, ақпаратты қабылдау ыңғайын өзгертіп жіберді. Бүгінгі БАҚ өкілдері осыны ескеруі керек. Құлаш-құлаш мәтін теріп, оны интернетке орналастырғаннан, кейіпкерді бейнетаспаға түсіріп немесе аудиожазбаға сөзін жазып интернетке орналастырған әлдеқайда тиімді әрі оқырмандар тез қабылдайды. Бұған “Мінбердің” осы семинарында анық көз жеткіздім. Есенгүл апай, Асхат аға, Қарлыға апай сіздерге көп рахмет! Еңбектеріңіз жансын! Семинарларыңыздың пайдалы болғаны былай тұрсын, атмосферасы да көңілге ұнады. Үйренгенімізді өз жұмысымызда пайдаланып, жұртшылыққа жаңалық жеткізудің тың әдістерін ұсынып жатсақ, сіздердің еңбектеріңіздің жанғаны, нәтиженің болғаны.
Үш күндік тренинг келген қонақтармен қоса, журналистика факультетінің оқытушылары мен студенттеріне айтарлықтай пайдалы мағлұматтар берді деп ойлаймын. 50 минуттық сабақ аясынан өзге уақытта мұғалімдермен осындай семинар-тренингте еркін пікір алмасу маған ерекше әсер етті.