//

Желтоқсанның бірі – Қазақ Елінің Тұңғыш Президенті күні

803 рет қаралды
3

nan 01Желтоқсанның бірі – Қазақ Елінің Тұңғыш Президенті күні. Қымбатты «Мінбер.кз» оқырмандарды Сіздерді, біз – мінбер ұлттық интернет сайт ұжымы осы айтулы мерекемен шын жүректен құттықтаймыз!

Қазақ Елінің егемендігі мен тәуелсіздігі Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атымен тікелей байланысты. Осы бір екі онжылдықтан астам уақыт ішінде Алаш жұрты Ақ патшаның ата мұрагері Қызыл империяның бұғауынан босанып, мемлекеттік бүкіл рәміздері толық айқындалған шын мәнінде жеке, өзін-өзі билейтін мемлекет болып құрылып, елдің іргесі бекіп, әлем картасынан, Азия құрлығының төрінен орын алды. Қазақстан аты әлемге әйгіленді.  Қазақ халқының бүгінгі жеткен жетістіктері – әлеуметтік, экономикалы және рухани өрлеуі, халықаралық беделінің дамуы, әлемдік қауымдастықтардың белді мүшесіне айналуы Тұңғыш Президент есімімен тікелей байланысты айтылады. Қазіргі таңда Қазақстан мен Назарбаев есімі жер шарының қай түкпірінен болсын Қазақстан десе Назарбаев, Назарбаев десе Қазақстан деп танитын, қос ұғымға айналды.

Сондықтанда бүгінгі мереке Қазақ Елінің, қазақ халқының мерекесі. Бүгінгі мереке –кеткенімізді келтіріп, кемтігімізді толтырып, өшкенімізді жандырған Ел Тәуелсіздігімен егіздің сыңарындай аталатын даталы күн. Ұлтымызды ұлықтайтын, Ұлығымызды марапаттайтын – Ұлыс мерекесі! Мереке құтты болсын, ағайын!

Мінбер.кз

Парақшамызға жазылыңыз

3 Comments

  1. Нұр-Аға, Тұңғыш президент күні сізден тілейтінім: Ана сенат пен мәжілістің жүзін айдай қылып, ана “оралмандарға 4-5 жылдан соң азаматтық берілсін” деген бапты үстінен қара сиямен батырып отырып, қайта оқылмастай етіп сызып тастаңызшы! Қолыңызда, қаламыңыздың ұшында тұр ғой!

  2. Біреулер Президентті мақтап жатыр, біреулер жамандап жатыр. Әркімнің өз еркі бар ғой. Ұнатқандары мақтайды, ұнатпағандары жамандайды.Бірақ өтірік мақтап жатқандар бар. Ақиқатында олар Президентті жек көреді. Қазақты жек көретіндер оның Президентін қалай жақсы көреді. Өзінің ата-анасын жек көретіндер Президентті қалай жақсы көрмек. Қазақстанды “Кафирстан” десе оның Президентін кім демек. Сондай “шпиондардан” сақтан қазақ….

  3. «Егемен болмай-ел болмас»
    Махамбет
    Егемен ел – Тәуелсіз ел
    20 жыл бойы Қазақстан Республикасының тәуелсіздік мерекесі басқа мемлекеттердегідей жалпы халықтық көтеріңкі көңіл-күймен тойланған емес. Меніңше, бұның үш себебі бар. Біріншіден: Еуропалық жаңа жылдың көлеңкесінде қалуы. Екіншіден: 1986 жылы Қызыл империяның қабырғасын сөккен дербестік жолында құрбан болған, асқақ рухты қазақ жастарының жадымыздан өшпес орын алуы. Үшіншіден: желтоқсан айындағы ауа райының қолайсыздығы. Оған 2012 жылдың желтоқсаны нақты дәлел бола алады. Дәл осы жылы ауа райының өрескел аяздығына байланысты ел ордадан бастап Қазақстан тереториясында Тәуелсіздік мерекесі тойланбай қалды. Бұл біздің ұлттығымызға, елдігімізге сын. Сондықтан, Тәуелсіздік күнін нақтылап өз орнына қойғанымыз абзал. Қазақ елі өзінің егемендігін 1990 жылы 25 қазанда қабылдағаны мәлім. Қазақ (Советтік Социалистік) Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы деклорация былай басталады. «Қазақ Советтік Социалистік Республикасының Жоғарғы Советі Қазақстан халқының еркін білдіре отырып…
    Қазақ ұлтының тағдыры үшін жауапкершілікті ұғына отырып,
    ізгілікті демократиялық, праволық мемлекетті құруға бел байлауды негізге ала отырып,
    Қазақ Советтік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігін жариялайды және осы Деклорацияны қабылдайды» – деп 17 бөлімнен тұратын құжатты бекітеді. Деклорацияда егемен ел ретінде, ел аумағының бөлінбес бір тұтастығы, мемлекеттік рәміздердің қастерленуі, тіпті егеменді мемлекет ретінде жаңа Конституцияның жүзеге асырылуы жайында нақтылы айтылған. Ал, 1995 жылдың 30 тамызында қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясының 2-бабындағы 1,2 тармағында «Қазақстан Республикасы – президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет. Республиканың егемендігі оның бүкіл аумағын қамтиды. Мемлекет өз аумағының тұтастығына қол сұғылмауын және бөлінбеуін қамтамасыз етеді» – деп көрсеткен. Осынау, 1990 жылғы 25 қазанда қабылданған егемендік туралы Деклорация мен 1995 жылғы 30 тамызда қабылданған Конституцияда ТӘУЕЛСІЗ деген сөз бірде-бір рет қолданылмаған. Керісінше егеменді сөзінен көз сүрінеді. Демек, Егемендік һәм Тәуелсіздік – егіз ұғым. Әгәрәкім 1991-ші жылдың 16-шы желтоқсанын тәуелсіздік күні дер болсақ онда біз егемен, тәуелсіз ел болмай тұрып 1-ші желтоқсанда тұңғыш президентті сайлаудың өзі қайшылық тудырады. Ал, Президент сайлауының егемен ел ретінде Қазақстанның ерікті барша халқының қолдауымен жүзеге асқанын ұмытпайық. Сондықтан, 1990 жылдың 25 қазан күнін Тәуелсіздік һәм Республика күні ретінде тойлауды, ал 16-17 желтоқсанды «Қазақ рухы» күні деп атап белгілеуді ұсынамын.
    Самат Сыпатайұлы

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар