////

Кенесары хан сарбаздары құлпытасын кім бірінші тапты?

2198 рет қаралды
3

Бұл мақаланы оқушылар назарына мен – қазақ ақыны, тарихшы, араб, шағатай тілдерінің маманы Ұларбек Дәлейұлы мынаны ашық мәлімдеймін:

zirat 2Иесіз, сұраусыз, жоқтаусыз, қараусыз жатқан бұл Қараөткел қорымын (нақты тарихи атауы «Көкбел» зираттығы) қамқорлығына алып, қоршап, қаңғыбастардан, немесе бөгде ниетті сүмелектерден сақтап келген Астаналық «Рух» қоры болатын. Ол қордың құрылып, жұмыс жасай бастағанына да 10 жылдың жүзі болыпты. Сол қордың  басында марқұм, жазушы Әскен Нәбиев және мемлекет қайраткері, ақын Кәкімбек Салықов, Елтаңба авторы архитектор Шота Уәлиханов (зираттың қоршау, қорғау жобасын бекіткен Иманғали Тасмағамбетов), кәсіпкерлер Абай Найманов пен Микаил Гуцериев, ғалым Марат Әбсеметов («Рух» қорының төрағасы), «Рух» қорының мүшелері – Каирдегі Әл-аскар университетінің түлегі, аға-сұлтан Ибрай Жайықбаевтің тікелей ұрпағы, шығыстанушы-ғалым Марат Смағұлов, кәсіпкер Салман Гуцериев және араб тілінің маманы, Стамбул университетінің (сурет: Хан Кене сарбаздарының зираты) түлегі Жарылқасын Сатыбалдин қатарлы адамдар болатын.

Қазіргі еңбектің бәрі солардың мойынында.

Ал, мұндағы екі мыңның үстіндегі құлыптастағы жазуларды аударып, бір жарым ай бойы ыстық күн астында, жаңбыр арасында, тіпті, кей күндері мола басына түней жатып, аударып, хатқа түсірген осы жолдардың авторы Ұларбек Дәлейұлы мен Ахат Әшуұлы болатын.

Тауарихтың 2012 жылы 27 маусымында, түстен кейінгі сағат 14:35 те біз адам аяғы баспаған осы құлпытастардың кеудеден өскен шөбін шауып, топыраққа тізеден кірген ескерткішті аршып, оқып шыққан едік. Сол күннің фотосы һәм видео жазбасы бізде әлі сақтаулы тұр. Өйткені мұнда жатқан барлық аруақтардың құлпытасына олардың кім екені жайлы мәлімет араб қарпімен, шағатай тілі үлгісінде таңбаланған екен.

Бұл жайында сол кездегі парламент мәжілісінің депутаты, жазушы Жарасбай Сүлейменов Қазақ елінен қуанышты сүйінші сұрауға мақала дайындаған да болатын. Бірақ, жоғарыда

zirat 5айтылған «Рух» қорының басында, ат үстінде жүрген азаматтармен ақылдаса келіп, «Көкбел» зиратына жерленген ұлы адамдар энциклопедиясын» дайындап, Кенесары хан сарбаздарының Ақмола бекінісін қалай шапқаны, 200 сардардың қалай шаһит кешкені, оларды полковник Шубинның алдап, қақпанға қалай түсіргені, әсілгі Ақмола мен қазіргі
(сурет: Шота Уәлиханов жасаған “Көкбел” зиратының болашақ жобасы)  Ақмоланың нақты орны қай жерлер екені жайында Ресей мұрағаттарында сақталған нақты құнды деректер арқылы сүбелі кітап дайындап, көлемді де ұлағатты еңбегіміз арқылы Ұлы Қазақиядан сүйінші сұрамаққа дайындалып жүрген болатынбыз.

Сөйтсек, «Әжептәуір ән еді, пұшық келіп бүлдірді» деген аталы ажуа сөздің ақиақаты тағы бір қайталанды.

Республикаға аты-жөні белгісіз, әлдебір «Жас азамат» деген ұйым сол құлпытас табылғаннан кейін тура 11 айдан соң біз салып кеткен соны соқпақпан, жоғарыда аталған ағалардың (Абай Найманов, Микаил Гуцериев) қаржысымен салынған, қара май төселген даңғыл жолмен барып, әлемге жар салып, дайын еңбекке ие бола кетуі күлкілі һәм ұятты іске айналды. Қайғыны немесе, сол сияқты қаралы сәттерді уақыт ұмыттырар, бірақ масқараны, ұятты, сатқындықты ешнәрсе ұмыттыра алмайтыны тарихтан аян..

Ал көзқарақты оқырманға Ахат Әшуұлы екеуміздің аудармамызды берейік:

1-жол: Ережеп айының соңғы оразасында

2- жол: 1838 жыл Сармырза

3-жол: Қарулы күпарлар қолынан

4-жол: жекпе-жекте шаһит… Саржан өкілі

5-жол:50 жасауыл…  Ақмола…

6-жол: Ханның өкілі төрелер 200 сардар

7-жол: көшті Алла тағала шаһит

8-жол: тердің жанын жаннаттың…

Құлпытастың сол жақтағы тігінен жазылған жазуда «Иманқұл,  руы – Қаракесек» – деген сөз бар. Мұнда көп нүкте қойылған жерлердегі жазулар соншама алыс уақыттар ішінде күн қақтап, жел мүжіп өшіп кеткені өкінішті.

Бұл жерде басын ашып алатын бір жайт –  Кенесары Сарбаздарының аруғаы мен құлпытасы менің де, олардың да иелігінде емес. Тек, нақты еңбектің ақталып, тер төккен адамдардың, бір жарым ай бойы көз майын сарқып, жұмыс жасаған біздердің еңбегімізді иелеп кеткісі келіп, әрі аудармаларды өтірік жасап жүрген бұл «ғалымдардың» қандай ниеті барын біз түсіне алмадық.

Бізге куәгер болуға «Рух» қорының азаматтары мен және аталмыш қормен  жасалған келісім-шарттар, сол зират қақпасындағы кіреберісте шырақшы болып жүрген Құрбан есімді қария, бізге келіп аударма жасауға көмектескен Еуразиялық университеттің студенті Ұмтыл Зарыққан…. т.б, санап таусыуға болмайтын адал куәлер алдында, олардан да ардақты, олардан да Ұлы куә – Жаратушы иеміз бен біз барып омыраудан өскен шалғынды шауып, бір апта бойы үлкейткіш линзамен көз майын тауысып оқып, жасаған қызметімізді көрген сол Кенесары хан сарбаздарының ұлы аруқтары куә.zirat 4

Бұл жерде жатқан ұлы аруақтарды тізбелей берсем әңгіме тым ұзап кетері сөзсіз. Тек қана бір мақтануға, қуануға тұрарлық тағы бір жаңалық – осы зираттықтан Балуан Шолақтың Ғалиясының да қабірін тауып, қазіргі хатқа түсірге болатынбыз. Бұл жаңалық жайлы мақала ғалым – Марат Әбсеметовтің сүйіншілеуімен сол жылы «Егемен Қазақстан» газетіне шыққан еді. (сурет: Балуан Шолақ ән арнаған Ғалия сұлудың зираты)

Сол кезде Ғалия Тілеуқызының зиратының табылуы Ұлттық мұрағатымыз үшін де, жалпақ қазақ даласы үшін де үлкен жаңалық болды. Құлпытасқа: «1922 жылы 23 апрельде. Руы Қалыбек. Ғалия Ғалыжамағаты Тілеуқызы 48 жасында фәниден бақиға рахат айлады. Алла Тағала рахмет айлап, жанын Жәннаттан айласын. Алғандары әруағына бір дұға еткізді», – деп Шағатай тілі үлгісінде төте жазумен таңбаланған. Ескерткіш тасты Ғалияның күйеуі Ғалы Құрақбаев орнатқан. Сол кезде зираттың орны тұрақталып, фотоға түсірілген болатын. Қазір бізде оның барлық құжаты да сақтаулы.

Кезінде Кокумова Камиля Кабеповна деген апамыз «ескерткіш қорғау бастығымын» – деп zirat 3құрылыс басталар алдында «Рух» қоры шалып отырған құрбандық малды сойғызбаймын деп шу көтеріп, әкімшіліктің берген ашық рұқсатына қарамастан зиратқа реставрация жасауға талай кедергі жасады.  (сурет: Қорым басында аруақтарға бағыштап құрбан шалынған сәт) Кокумова әкімшіліктен бірнеше миллион ақша бөлгізіп, зираттағы тастарды біреулерге өтірік оқытып, нәтиже шықпағаннан кейін бізден –  Дәлейұлы Ұларбектен және Әшуұлы Ахаттан  жүрек қанымен, хисапсыз көз майымен окылған нақтылы аудармаларды сатып алмақшы болғаны өз алдына бір әңгіме. Оған куәгер «Рух» қорының кізметкері, сол «Көкбел» зираттығының шырақшысы Құрбан ақсақал. Кейін жаз бойы бүкіл газеттерге барлық мәртебелі жұмысты өзі жасап, өзі тыңдырғандай болып жария еткен еді.

Қысқасы, осынау ұлы мәртебелі аруақтар алдындағы кедергісі де қаупі де көп атқарылған хисапсыз шаруаның жілік майын соруға дәмелі көптеген құртшабақтар мен ұсақ шиебөрілер қара бұлттай қаптап кетті. Бүкіл баспасөзде, теледидар, сайт беттерінде сүйінші сұраған хабарлар бас айналдырар дәрежеге жетті.

Біз бұл жерде Ұлы Жаратушы Алла мен Ақмола бекінісін қанға бөктіріп, орыс отаршыларын қойдай бауыздаған, сол арқылы осынау ұлы далаға рух сыйлаған ұлы бабалар алдындағы ақиқатты айтуға ниет еттік. Өйткені, Алланың бір есімі – Ақиқат! Қиянат алдында төзіп тұра алмайтын ақындық һәм қазақы намыс қолға қалам алдырды.

zieat 1Алдағы уақытта олардың  мына маған, Ұларбек Дәлейұлына айтар уәжі болса кез келген баспасөз арқылы ащы шындықты айтуға, әділет алаңына ақ жамылып шығуға әзірмін!

Әлі ашыққа шықпаған, еш жерде айтылмаған, көрсетілмеген үшінші бір үлкен факт әлі менің жұмыс компьютерімде өзінің ашыққа шығар уақытын күтіп жатыр. Келесі кезекте ол жайында бұдан да келелі сөзімді осы сайт арқылы оқырмандарыма жеткізетін боламын.

(сурет: Хан Кене сарбаздарының зираты табылған сәт. (Оңнан солға қарай): ақын Ұларбек Дәлейұлы, ақын Ахат Әшуұлы, Жарылқасын Сатыбалды)

Өйткені, Бәрінен де Құдіретті Алла мен сол сәтте түсірілген, хатқа түскен, Мұрағатқа сақталған барлық дәлел-факыттер мені екі дүние де қорғайды!..

ularbek

             Ұларбек Дәлей, ақын

Дерек көзі:http://ult.kz

Парақшамызға жазылыңыз

3 Comments

  1. Сен өзі көргенсіздеу, өзіңе- өзің мақтап комент жаза беретін жігіт екенсің. Мына мақалаңды тықпаламаған жерің қалмапты- ау. Ғалыммын деген адам бұлай істемейді. Әдепсіздігіңді аталардың сақалынан алғаныңнан білдік. Аиа тәрбиесін көрмеген немесің- ау.

  2. Ал, дұрыс екен. Сен тауыпсың. Бірақ 11 ай бойы оны айтпай сүрлегенің неткенің? Сен Мұхтар Мағауиннің бір әңгімесіндегі кейіпкер секілді болдың ғой. Онда бір ғалым ашқан жаңалығын тығып қояды, ешкімге айтпайды. Ал артынан біреулер соны тапса – мен бұрын тапқанмын деп жар салады. Бұл кәдімгі “Шөп қорыған ит” сияқты қылық. Не өзі пайдасын көрмейді, не біреуге пайдасын тигізбейді. Сен де дәл қазір сол болып тұрсың Дәлей

  3. Оның үстіне: Кенесарының жауынгерлерінің бертін ашылғанына таласым жоқ. Ал Балуан Шолақтың Ғалиясының осы қорымда жерленгені ба-я-яғыдан белгілі. Оның жазуын сенен басқа да оқи алатын адамдар, ақсақалдар болған. Ол туралы белгілі журналист Жылқыбай Жағыпаров алдымен облыстық “Арқа ажары”, кейін “Егемен Қазақстан” газетіне жариялаған.Сондықтан шырағым: “мен, мен” деуіңді қой. Оның күпірлік болады.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар