///

Мамытбеков те майлы жілікті тастап кете ме?

652 рет қаралды
1

OmireebАуыл шаруашылығы вице-министрі Мүслім Өміраев мемлекеттік сатып алулар бойынша оң шешім шығару үшін 100 000 доллор пара алды деген айыппен ұсталған.

Бұл туралы ҚазТАГ агенттігіне Бас прокуратурадағы сенімді дерекөз хабарлаған.

“Ауыл шаруашылығы вице-министрі Мүслім Өміраев мемлекеттік сатып алулар бойынша оң шешім шығару үшін $100 000 пара алды (суретте: Пара алған Өміраевтің өзі) деген айыппен ұсталды”, – деген жексенбі күні.

39-жасар шенеунік әртүрлі жылдары “Русские фермы” халықаралық қорының бас директоры, Алматыда “Южный центр” ЖШС-ның қаржы директоры, Қазақстан президенті істерінің басқарушысы орынбасары қызметін атқарды.

Өміраев Ауыл шаруашылығы вице-министрі болып 2011 жылдың қыркүйегінде тағайындалған болатын.

arinБірнеше күн бұрын Павлодар облысының әкімі Ерлан Арынның өз еркімен қызметтен кетуінің негізгі себебі оның бір орынбасарының пара алып қойғандығы болса керек. Осыған назаланған арлы Арын «орынбасарымды орнына қоя алмаған менің елге қарайтын бетім жоқ, өлімнен ұят күшті» деп өз еркімен облыс әкімі лауазымын босатып (суреттегі: нағыз азамат Ерлан Арын) берген екен! Шынымен солай болса, шынында да Арын арныды да, Арлы да екен! Адалдықтың ақ байрағын көтерген Нағыз Азамат деп осыны айтса болады. Қазіргі жемқорлық жайлап алған елдің шенеунік, лауазымды, ел басқарып отырған азаматтарына үлгі боларлық үлкен іс қой бұл. Ендеше Ауыл шаруашылығы министрі Мамытбек те Арыннан үлгі алып, майлы жілікті тастап кете бере ме? Ондай жетелілік Мамытбековте бар ма екен? Вице-министрі Мүслім Өміраев пара алып қойыпты ғой?

Қарамер

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

  1. Мамытбеков әлеуметтік желіде “егер, Өміраевтің жемқорлығы заңды түрде дәлеледенген жағдайда орынымды босатамын” деген екен (Today.kz)

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар