/

Демалысымның ақшасы төлене ме?

1625 рет қаралды

n1M546YmGiYArman  жауап жазу

2010 жылдан бастап мектепте мұғалімдік қызметтемін. Еңбек демалысынан кейін 2 ай толық жұмыс істеп, декреттік демалысқа шықтым. Енді маған кезекті еңбек демалысы және сауықтыру ақшасы төлене ме? Еңбек демалысымның күні толық 56 күнтізбелік күн бола ма?

Жауабы:

     ҚР-ның Еңбек кодексінің 100-бабының 2-тармағына сәйкес жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы қызметкердің тынығуына, жұмыс қабілетін қалпына келтіруіне, денсаулығын нығайтуына және қызметкердің өзге де жеке қажеттіліктеріне арналады және ұзақтығы 24 күнге беріледі. 108-бапқа сәйкес жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын ауыстырудың немесе ұзартудың жағдайлары мен тәртібі көзделген      1. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы:
қызметкер еңбекке уақытша жарамсыз болған, жүктілікке және босануға байланысты демалыста болған кезде;

      егер бұл үшін заңда жұмыстан босату көзделсе, қызметкер жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы уақытында мемлекеттік міндеттер атқарған жағдайларда, толық немесе оның бір бөлігі ауыстырылуы немесе ұзартылуы мүмкін.

Жүктіліктің соңғы айларында, Жұмысқа уақытша жарамсыздығыңыз туралы емдеу мекемесі беретін құжатты жұмыс орныңызға тапсырсаңыз – бұл құжат декреттік демалысқа әрі қарай шығуыңызға негіз болады. 193-бабқа сәйкес әйелдерге жүктілігіне және босануына байланысты ұзақтығы босануға дейін күнтізбелік жетпіс күнге және босанғаннан кейін күнтізбелік елу алты (қиналып босанған немесе екі немесе одан да көп бала туған жағдайда – жетпіс) күнге дейін демалыс беріледі.

Дайындаған Жанерке. 

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Мінберде медиа өкілдері

Алматыдағы «Ramada» қонақүйінде ERG қолдауымен Мінбер журналис­терді қолдау орталығы «Дата және жасанды интеллект» атты фес­тиваль ұйымдастырды.