Қазақстан тұрғындарының 15%-ында Android негізінде жұмыс істейтін құрылғылар бар. 2013 жылы Алматыда өткен Медиа құрылтайда осындай мәлімет айтылды. Ағылшын тілін үйренуді алдыңызға мақсат етіп қойсаңыз, бірақ үйренуге уақытыңыз болмай жүрсе, телефоныңыздан Google Play Market-ке кіріп, төмендегі аппликейшндердің көмегімен біліміңізді жетілдіруге кеңес беремін.
1. Busuu
Busuu барлық деңгейге арналған. Әрбір деңгейдің бастапқы үш сабағы тегін. Әр сабақ өз ішінен бірнеше бөлімге бөлінген. Жаңа сөздерді есте сақтау үшін суреттері көрсетіледі. Ағылшын тіліндегі диалогтарды тыңдай аласыз. Сабақтың төртінші бөлімінде мәтін жазсаңыз, бесінші бөлімінде сабақты қорытындылауға арналған тесті тапсыр аласыз.
Ағылшын тіліңіздің қандай деңгейде екенін білгіңіз келсе, аталған бағдарлама әр түрлі тестердің жинағын ұсынады. Граммтикалық тест бір бөлек, сөздік қорыңызды анықтайтын тест бір бөлек орналастырылған. Full деген тест түрін тапсырсаңыз, IELTS немесе TOEFL тапсырсаңыз ұпайыңыз қандай болуы мүмкін екенін шамалай аласыз.
Ағылшын тіліндегі мәтіндерді, шағын әңгімелерді оқып, сөздік қорыңызды толықтыруға көмектеседі. Танымал шетел жазушыларының шығармаларын жүктеп алып, оқуға болады.
Классикалық ағылшын тіліндегі (British English) үнхабарларды тыңдауға арналған аппликейшн. Жүктеген соң, бірнеше үнхабардың тізімі шығады. Бос уақытыңызда үнхабарларды тыңдап, түсінбей қалған сөздеріңізді ішіндегі мәтінінен қарай аласыз.
Ағылшын тілін жаңадан бастап жүргенде кейбір сөздердің, сөйлемдердің қалай оқитынын білмей жүрсеңіз, бұл аппликейшн сізге жақсы көмекші. Бағдарламада ағылшын тіліндегі сөз тіркестері мен сөйлемдердің қалай оқылатынын естіп, өзіңіз де телефоныңызға сол сөзді қайталап айтасыз. Ақылды бағдарлама, шет тіліндегі дыбыстарды қаншалықты ұғынықты дыбыстағаныңызды бағалайды.
Егер телефоныңзда бұдан басқа да қызықты апплекейшндер болса, бөлісе отырыңыз.
Ағылшын тіліндегі мақала негізінде әзірлеген Асхат Еркімбай
Парақшамызға жазылыңыз
Сәлеметсіз бе? Кеңесіңізге рахмет!