Белгілі фотогроф Асылхан Әбдірайымұлының мультимедиа журналистеріне кеңесі.
“Жақсы фотоға түсіру үшін выдержка, диафрагма, сезімталдықты меңгеру керек. Осы үш мүмкіндік барлық фотоаппаратта бірдей емес. Фотаппараттар осы үш параметрлері жоғарылығына орай бағасы қымбат болады”, – дейді белгілі фототілші Асылхан Әбдірайымұлы.
Ең маңыздысы – фотоаппаратың көзі, яғни – объективі. Объектив ішіндегісі пластмасса емес шыныдан жасалғаны жөн. Nikon қымбат материалдан жасағандықтан фотоаппараттары қымбат. Объективтің ішіне үңілгенде қара тұңғиық тәрізді болып тұрса, ішіндегісі әйнек екенінен хабар береді.
Төмендегі ойлар Асылхан Әбдірайымұлының “MediaNet” Халықаралық журналистика орталығында өткізген тренингінен жазылып алынды.
1. Ұсталым (Выдержка)
Жақсы фото түсіру үшін выдержка маңызды. Қысқа выдержка, мысалы – 1000, қозғалыстағыны жақсы түсіреді. Бұл жердегі 1000 дегеніміз бір секундты мыңға бөлінгендегі бөлігін ұстап қалады деген сөз. 30-дан төмен болса, штатиф пайдаланған жөн.
TV выдержка артықшылығы (спорт ойынын түсіргенде)
AV диафрагма артықшылығы (табиғатты түсіргенде)
2. Диафрагма
Диафрагманы қазақшаласақ, қалқаның ашылып-жабылуы дегенге саяды. Диафрагма саны жоғары болған сайын кең ауқымды жақсы алады (18-20).
3. Сезімталдық
Сезімталдық (ISO) ең төменгісі – 100. Ең төменгісі сыртта түсіргенде жарық көп болған кезде қойылады. Жарық аз болса, сезімталдықты жоғары қою керек.
Егер фотожурналистикаға қызығып жүрсеңіз Фотоөнер сайтын қарап тұруға кеңес береміз.
Сурет Leonidas GR атты қолданушының мұрағатынан алынды
Әзірлеген Асхат Еркімбай,
“Мінбер” журналистерді қолдау орталығы жанындағы
Жаңа медианы зерттеу тобының жетекшісі