//

Математик Ата – Мұхтарбай

827 рет қаралды

Математик Ата –  Мұхтарбай Өтелбаев Мұхтарбай Өтелбаев“мыңжылдық проблемаларының” қатарына жататын ең күрделі жеті математикалық тапсырмалардың бірін шешті.

Оған дейін осындай жетістікке Пуанкаре гипотезасын дәлелдеген Григорий Перельман ғана қол жеткізген болатын, деп хабарлады astana.kz сайты Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Профессор, ҚР ҰҒА физика-математика ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың Еуразиялық математика институтының директоры Мұхтарбай Өтелбаев “Новье-Стокс теңдеулерінің мықты шешімінің болуы” атты еңбегін аяқтап, ашық басылымда жариялады.

Осы проблемалардың әрқайсысын шешуде Клэй математикалық институты 2000 жылдың басында 1 миллион АҚШ долларын бәйгеге тіккен болатын.

Мұхтарбай Өтелбаев – 2002 ж.; 2002-2003 жж. мен 2004-2005 жж. “Алтын адам” байқауында (“Ғылым” номинациясы бойынша “Жыл адамы”) “Жылдың ғылыми қайраткері” атағының иегері, ғылым мен техниканың дамуына елеулі үлес қосқан ғалымдар мен мамандарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендиясының иегері, “Ғылым мен технологиялар” номинациясы бойынша Экономикалық ынтымақтастықты ұйымы сыйлығының лауреаты, 2004 ж. “ЖОО-ның ең үздік оқытушысы” ҚР БҒМ грантының иегері, ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

«Бұл сый ақша қолыңызға тиіп жатса, қайда жұмсар едіңіз» деген 7-арнаның «Кешкі шай» журналистеріне (14.01.2014ж) Математик Ата –  Мұхтарбай: «Жемқорларға үлгі болсын, жетім балалар үйі мен түркі жазуын жандандырғысы келетін ғалымдар болса соған жұмсағым келеді» деп жауап берді. Нағыз Азамат Ердің сөзі емес пе бұл!

Мінбер-ақпарат
Дерек көзі: http://news.nur.kz/kk/297595.html

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар