ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауында мемлекеттік тіл туралы былай деді:
«Қазақ тілі мәселесіне келер болсақ, бүгінде біздің тіліміз ғылым мен білімнің, интернеттің тіліне айналды. Қазақ тілінде білім алатындардың саны жыл өткен сайын көбейіп келеді. Еліміз бойынша мемлекеттік тілді оқытатын 57 орталық жұмыс істейді. Одан мыңдаған азаматтар қазақ тілін үйреніп шықты және әлі де үйренуде. Былтырға қарағанда биыл қазақ тілін білемін деген өзге ұлт өкілдерінің саны 10%-ғы өсті. Бұл да бізге біраз жайттан хабар берді». Одан әрі:
«Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар – ана тіліміз мәңгілік елмен бірге мәңгілік тіл болды. Бұл мәселені даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы деп білгеніміз жөн. Біздің тіліміз мемлекеттің барлық жүйесінде қолданылуы үшін, барлық жерде керек болуы үшін біз өзімізді өзіміз қамшылауымыз керек, өзіміз соған атсалысуымыз керек”,– деп кесіп айтты Елбасы.
Мінбер-ақпарат
Парақшамызға жазылыңыз
Мәңгілік ел деген қай ел? Қадан шыққан атау, түсіндіріп бере аласыздар ма?
онда қандай жерлерде қазақтың тілімен бірақ шықсаңшы айналайын, қазақтың біртуар шалы