//

Тас жүректер тайраңдап жүр

956 рет қаралды
1

tastandi  «Отырар.kz» порталы Шымкентте әлде кім сақылдаған сары шұнақ аязды түнде  үш бірдей үш жасқа дейінгі шиеттей балаларын бейтаныс біреудің үйінің маңайына әкеліп далаға тастап кеткенін жазады.

Ашыққан қасқыр, ашынған ит, адамға өшіккендер өршіп тұрған заманда үш бірдей бүлдіршінді ажал аузына тастап тайып тұрған бұл неткен тас жүректер деңізші! Тас жүрек деу жұмсақ сияқты, бейкүнә сәбилердің жанын шырылдатқан нағыз жыртқыштар осылар болса керек. Олардың кім екені содан бері апта өтсе де шымкенттік полицейлер таба алмай жатқан көрінеді.

«Қайтпас-1» ықшам ауданының тұрғыны  Фарида Сариева үй маңайынан гүрілдеген машина дыбысын  естіп сыртқа шығады. Далада қар үстінде жылап отырған кішкентей балаларды көреді. Маңайында ешкім көрінбейді, тірі жан жоқ. Машина кетіп қалған. Үш жасар Керемет, бір жастағы Мирас екеуі қар үстінде отыр екен дейді. Ал тоғыз айлық Кәусар сумкада жатқан. Оны әуелі байқамаған, сумкадағы зат деп ойлаған. Балалардың қарындары ашып, қатты тоңып қалған екен. Оларды үйге әкеліп тамақтандырып, жылы көрпеге орап, жатқызады.

Ереңінде таңертең полицияға хабарлап, үлкенін бейімделу орталығына жібереді де, екі кішкентайды ауруханаға орналастырады. Дәргерлердің айтуынша балалардың денсаулығы өте жақсы, қандай бір ауытқулар жоқ көрінеді.

Үш жасар Керемет шешесінің аты – Ақмарал, әкесінің аты – Ержігіт екенін айтқан. «Үйге бармаймын» деген.

Содан бері алты күн өтсе де әлі бір жан сәбилерді іздемеген де, хабарласпаған. Егер бір ай бойы балалар ата-аналарына керексіз болса, онда оларды балалар үйіне өткізеді. Тас жүректер тайраңдап жүр.

Қарамер

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

  1. Ата-анасының аты айқын, адан-аймағы анық, балалардың аты-жөні белгілі адамдарды алты күн іздап таппай айды күтіп отырған міздің ізкесушілер де керемет-ақ!

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар