“Profi Asia” компаниясы «Мультимедиалы өнім жасау жолдары» тренингіне шақырады.
«Мультимедиалы өнім жасау жолдары» тренингінің мақсаты қолда бар құралдармен (фотоаппарат, камера, диктофон, смартфон т.с.с.) тез арада интернет ресурстарға арналған өнім (гиперсілтемелері бар мәтін, слайдкаст, үнхабар, видеокаст т.с.с.) жасауға баулу.
Жаңа медиа дәуірінде ақпаратты тұтынудың негізгі көзі Интернетке ауысқандықтан тұтынушыға ақпаратты әралуан формада ұсынудың жолдарын көрсету.
Тренинг жаңа медиа саласына қызығып жүрген журналистерге, журналистика факультеті студенттері мен оқытушыларына, мультимедианың қыр-сырына қаныққысы келетін көпшілікке арналған.
Тренингтің ұзақтығы: 10 күн (20 академиялық сағат)
Негізгі тренерлер:
Асхат Еркімбай, медиа-тренер (University of Wyoming магистранты, Жаңа медиа бойынша 100-ге жуық тренингтің авторы)
Есенгүл Кәпқызы, “Мінбер” журналистерді қолдау орталығының президенті, Жаңа медиа бойынша 100-ге жуық тренингтің авторы
Гүлім Әмірханова, Халықаралық дәрежелі медиа-тренер, best-app.ru сайтының жетекшісі
Қатысушылар саны шектеулі. Әр топқа 6 адамнан қабылданады.
Өту уақыты: 3 – 14 ақпан, 2014 жыл
Орны: Алматы қаласы, Бөгенбай батыр, 148. “Тау Сұңқар” Бизнес кешені, 402-кеңсе. “Profi Asia” компаниясы
Құны: 30 000 теңге
Қатысамын деушілер +7 (727) 267 63 52, +7 707 318 88 05 телефон нөмірлеріне хабарласып, тіркеле алады.
Парақшамызға жазылыңыз