«Сенi Сталин шақырып жатыр» деген хабар алады. Жүрегiм зырқ ете түстi дейдi. Генштабтың полковнигiмiн. Не боп қалды? Сталиннiң қабылдауына бару деген… Сұмдық қой! Айтқан уақытынан он бес минут бұрын бардым. Қашан уақыты болғанша күтуге тура келдi. Дәл кезiнде қабылдады. Сталин орнынан тұрып қарсы алды, бiрақ, қолын берген жоқ дейдi. Ауызша амандасты да қойды. «Отыр», – дедi. Бұл 1943-жыл. «Ты наверняка уже в курсе? – деп айтты. – К нам приезжает Черчилль и его военный деятель Мантгомери». «Да, знаем, мы готовимся». «Надо показать Черчилю, что мы великая страна. Их следует удивить, – деп айтты дейдi. – А ты знаешь, где верблюдов больше всего?» «Знаю». «Где?» «В Туркмении». «Правильно. В Туркмении. Но до Туркмении далеко. Потом, в Туркмении ты должен их искать в степи. У них большие шапки. Потом, туркмены русский язык плохо знают. Там проблемы будут. Иди сюда, – деп жанына шақырды. Бардым. Картаның алдында тұрмыз. – Станцию Чалкар знаешь?» «Нет, не знаю». «Станция Чалкар находится в Казахстане. Знаешь чем знаменита эта станция? – деп сұрады. Үндей алмадым. – Беда наших офицеров в том, что они не знают историю и не желающих знать ее историю. В этом городе Чалкаре в ссылке была семья Тухачевского. Между прочим, его семья вела себя достойно: никаких выссказываний против. Жили мирно. Жена его нашла общий язык с местным населением. Так что, по докладу КГБ никаких замечании его семье не было. Поэтому мы их перевели в другой город, куда они хотели. Во-первых, Чалкар знаменит тем, что там жила семья Тухачевского. Вообще, – деп айтты дейдi әлгi полковник, – Тухачевский – истинный русский офицер!».
Соғыс қызып жатыр. Кеңес әскерi шабуылда. Бiрақ, бұл жеңiске жеттiк, бәрi жақсы деген ой емес қой. Мiне, осындай алмағайып ауыртпалықты тұста Сталин: «Вот, молодой человек, поедешь в Чалкар. Туркмения далеко. Привезешь верблюжью шерсть. Ты когда-нибудь видел верблюжью шерсть? Это самая высококачественная шерсть, имеет легкий вес, из нее делают теплые изделия. Поедешь эшелоном. Там специалисты помогут, но попробуй с Чалкара. Если казахов знаешь, то казахи не такой уж дикий народ… – дейдi. әсте саяси зердесi жоғары арыстарымызды есiне алған шығар. әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Мiржақып Дулатов бастаған Алаш көсемдерi мен Тұрар Рысқұлов, Нәзiр Төреқұлов, Нығмет Нұрмақов, Смағұл Сәдуақасов… Көп қой, көп! Бiр шоғыр қауымды құрайтын кiсiлер шетiнен мықты! Сталин олардың бәрiн бiледi. – Они степной народ, но очень смелый! Поэтому ты найдешь с ними общий язык, если привезешь верблюжью шерсть, мы будем тебе благодарны…».
Осылай Шикин арнайы эшелонмен Шалқарға келедi. Вагоннан екi «МК» машинасын шығарады. Соның бiрiне отырып бастай жөнелген ол аудандық партия комитетiнiң алдына барып бiр-ақ тоқтайды. Барған кезде аупартком ғимараты алдында үш жiгiт тұрады. Үшеуi де қазақ: бiреуiнiң қолы жоқ, екеуi сау. Өмiрi көрмеген… оның үстiне күтпеген көрiнiс көздерiн атыздай етедi. Өңiмiз емес, түсiмiз шығар дейiн десе, көз алдарында қап-қара, сүлiктей мемлекеттiк машиналар тұр…
«Мен үшеуiнiң де зәрелерiнiң қалмай қорыққанын бiрден түсiндiм, – дейдi Шикин. Қой, одан әрмен үрейлендiре бермей, сабасына түсiру үшiн, қайсысының бiрiншi хатшы екенiн сұрадым. «Менмiн», – дейдi қолсыз кiсi. «Сiздiң кабинетiңiзге кiрiп сөйлесуге бола ма?» «Болғанда қандай! Жүрiңiз», – деп алдыма түстi. Iшке кiрген соң, айналаның бәрiн қарадым. Екеумiзден бөлек ешкiм жоқ. Сол кезде: «Бiзге түйенiң жүнi керек. Бұл өкiметтiң берген өте шұғыл тапсырмасы. Бұның саған да қатысы бар. Сондықтан, бiзге түйелерiңдi көрсет. Өкiметтiң түйесi болса, оның жүнiн де аламыз, былай аламыз, егер ол ұнамай жатса, онда жеке меншiктiң түйесiнiң жүнiн пұлына аламыз», – дедiм. «Ендеше, маған үш күн мұрсат берiңiз. Қасыма өз кiсiлерiңiздi қосыңыз, бiрге аралап көремiз», – дедi аудан басшысы. Айтқанын жасадым. Үш күн емес, екi күнде тапсырмамыз орындалды.
Каганович КСРО Көлiк қатынастары министрi болатын. Ол Шалқардан шыққаннан Мәскеуге тез жетудiң бүкiл амалын жасады. Аман-есен оралдық. «Жолдас Сталин, тапсырмаңыз орындалды. Баяндаушы полковник Шикин», – дедiм. «Я вас поздравляю, генерал Шикин!» – деп қолымды алды. Мен сөйтiп генерал болғанмын», – деп әңгiмесiн түйiндедi ол.
– Тапсырма ойдағыдай орындалып, көңiлiм көтерiлген соң, бойыма батылдық бiттi. Содан кейiн, ешқандай құпиясы жоқ шығар, сұрап бiлейiн деп Сталинге сауал қойдым, – дейдi Шикин.
– Все не знают. Все, даже маленький секрет никому не надо говорить, запомни, – деп айтты дейдi. Сол сәтте бiр кiсiлер келдi, түйенiң жүнiн қабылдап алды. «Жақсы екен, жарайды», – дедi. әлi де аң-таңмын, бұны не iстемекшi деумен отырмын. Сөйтсем, мен әкелген түйенiң жүнiнен Ұлыбританияның премьер-министрi Уинстон Черчилль мен фельдмаршал Бернард Лоу Мантгомериге құндыз жағалы шинель тiктiрiп, кигiзбекшi екен.
Сондай зобалаң заманда Сталин: «Дорогой господин Черчилль! Нас никто не победит! – деп айтты дейдi. – Имей это ввиду. Вот, даже простые казахи вам специально прислали верблюжью шерсть. Мы вам сшили шинель…»
Ендi тағы да Шикиннiң аузынан естiген сөздерiме кезек берейiн.
– Сталин: «Но я допустил одну большую ошибку» деп айтты дейдi ол. Одан қандай қателiк жiбердiңiз деп сұрайсың, сөзiнiң соңын күттiм. Соны сезгендей: – Садись, – деп айтты дейдi. – Я совершил несправедливый поступок. В свое время я послал туда Голощекина, который расстрелял семью царьской России. Он был первым секретарем Казахского крайкома ВКП(б). Он там начал направо-налево… – Осы жерде, әсте, Сталин Шикинге оның Қазақстанға келе салып жасаған жөнсiздiктерi туралы айтқан сияқты. Малдан мал қоймай, бүкiл тағдыры ғасырлар бойы малына ғана байланысты болып өткен тұтастай халықты қайғы-қасiретке ұшыратқан. Жердiң жағдайын, елдiң жайын бiлмейдi. Ұшы-қиырына көз жетпейтiн, ұшса құстың қанаты талатын ұлан-ғайыр аймақта көшiп-қонып тiрлiк кешкен ел Ұлы Октябрь революциясынан жырақ қалған, мен бұл жерде «Кiшi Октябрь» жасаймын дедi. әлгiндей қылықтарымен «төңкерiс» жасады, оның қазаққа қиянаты қатты болды. Жерi жұтады, елi қаңырады. Ұлттың бетке шығар қаймақтарын бiр-бiрiне айдап салды. Оларды ұлтшыл деп соттады. Социализмнiң жауы дедi… Келiп түскен осындай арыз-шағымдардан шын мәнiнде жағдайдың қиындығын бiлiп, арнайы тексеру жiбертедi. Ендi Голощекиндi қалдыратын болсам, ұлан далада қазақтан қазақ қалмайтын едi дептi. Мiне, осының бәрiн оның ойдан шығаруы мүмкiн бе? Сенбейiн десем, ол әңгiменi есiмi елге әйгiлi әскери қайраткер айтты.
Үкiтай БАЙЖОМАРТОВ, естелігінен
Парақшамызға жазылыңыз
Жазғаннан кейін «бөтен тілмен былғамай сөз арасын» не таза қазақша, не орысша жазбайма? Осылай шыбар дүние мақтан ба? Сонда, өзге тіл білетін әр қазақ өзге ұлтпен былай сөйлестім-деп көп-көрім қазақша жазбалардың ішіне орысша, қытайша, ағылшын…сөздерын нығарлай беру керек пе? Айтпасада Сталин деген қанішердің орысша сөйлейтіні анық.есы дұріс адам түсінеді.шібарлау, бөтен сөзбен былғау Абай айтқандай «бейшаралық» .