//

Audioboo: үнхабар әзірлеудің төте жолы

1702 рет қаралды
audioboo қолданушысының жеке парақшасы
audioboo қолданушысының жеке парақшасы

Телефонына Audioboo қондырған кез-келген адам өзінің үнхабарын әзірлей алады. Audioboo – үнхабарлар (podcast) жасауға лайықталған бағдарлама. Google Play Market-тен (Apple өнімдеріне де лайықталғаны бар) қосымшаны жүктеп алып, 3 минуттық хабарыңызды жаза аласыз.

Үнхабар – мультимедиалы контенттің бір түрі. Үнхабар арқылы интернет қолданушыға контентіңіздің аудионұсқасын ұсына аласыз.

 Ол үшін Google Play Market-тен Audioboo деп іздеп, бағдарламаны телефоныңызға қондырасыз. Қондырып болған соң, дыбыс жазу тетігін басыңыз. Ойыңызды жазыңыз. Айтар сөзіңізді 3 минутқа сыйдыратындай етіп дайындап қойғаныңыз абзал. Бұдан соң үнхабарыңызды twitter, facebook тәрізді әлеуметтік желілер арқылы көпшілікпен бөлісе аласыз.

Audioboo-дың шетелдік ақпарат құралдары өздерінің күнделікті радио бағдарламаларын әзірлеу үшін қолданып жүр. Мәселен The Telegraph басылымының үнхабарын тікелей сайттан тыңдауға болады.

Ал сіз журналист болмасаңыз да балаңызға айтатын кешкі ертеңгіңізді немесе өзіңіздің бір ауыз тілегіңізді audioboo көмегімен  жақыныңызға жолдасаңыз болады.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар