///

«Девальвация» дегені «Де, албасты» болды

845 рет қаралды
1

tengeПрезидентіміз, Елбасы, ғасыр ғұламасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев кеше ғана Қазақстанды бұдан былай «Қазақ елі» атасақ қалай болады деп, барша жұрттан сүйінші сұрағандай, Атыраудан алақайлап, жар салып, жария етіп, бұл пікірді халыққ пен қара бұқарамен ақылдасқан жөн деп қара қайыс қазақтың артын шелектей қылып бір желпіндіріп тастап еді. «Аузыңа май, данышпаным, абызым» десіп Елбасының етегіне жете алмай еңіреген елде шек жоқ еді-ау!

Осы қуаныштың қайнап тұрған қазанына елдің экономикасын ұстап отырған алпауыт-шенеуіктер ақпанның ақырған аязын айсыз түнде әкелді де ақтара салды.

«Девальвация» дегені «Де, албасты» екен. Жалғыз түнде Алаш ақшасын албасты басты. Төл теңгеміз нөл теңгеге айналды. Түн ішінде төбесінен жай түскен жұрттың есі шығып, әңкі-тәңкі болды да қалды.

Ал Ұлттық банкінің төрағасы, қазақтың қасқа бас ұлы Келімбетов білмей қалыпты. Ұлттық банкінің төрағасы білмегенде бұны кім білуі керек еді. Бұған қарағанда Келімбетовте Келіннің бетіндей де бет болмаған екен? Келінбет емес Қалың бет екен. Ал экономика министрі Досаевтың достығынан мысқалдай да нышан сезілмейді. «Бұрын да бұндай жағадай бір емес, бір неше рет болған, бұнда тұрған ештеңе жоқ» деп мұрынын шүйіреді. Бас экономис, бас банкирлеріңнің сөзі осы. Қазақша айтсақ «өлмек түгіл өмірем қапқа» саяды.

Сонымен сорлап қазақ қалды. Қазақ сорласа зарын айтады. Зарлаған не дейді соны тыңдайық. Оны ақын, азамат Ырысбек Дәбейұлы былай жеткізеді:

Ассалаумағалайкум Келімбетов,
Долларды жібердің ғой желіндетіп.
Сабан ақша құшақтап шыға келді,
Алғандай қарашаның қолын кесіп.
Елбасының жолдауы жанға «шипа»,
Мәз болдық Мәңгі, Қазақ елім десіп.
Дамыған отыз елді артқа тастап,
Ит басына іркіт те төгілмекші.
Ағылшындар біздерден жұмыс сұрап,
Тербетеді деп еді негір бесік.
Қашанғы қазақ солай алданады?
Өтірікке оралып өмір кешіп.
Халықтың қанын сорған қарақшылар,
Жайлы ма Астананың қоңыр кеші?.. ,

Бұған не алып-қосуға болады. Халықтың, қарашаның бүгінгі күйі осы. Зарлаған қазақ байқұс зарлай береді. Үкімет оны жылатып, содан ләззат алып, рахаттанып, креслосына онан арман сіңе жамбастай жатып, шылым түтінін аспандата шұбатып, ширата үрлеп марсия береді, марсия береді. Ал Қазақ сорлы мықтағанда жақсылап тұрып, оларды сыртынан әкесінен түсіп бір боқтайды. Сонан соң «үш күннен кейін көрге де үйренеді» деген мәтелін көлденең тартып, кіртиіп, кірпігі биттеп көнеді.

…«Долларым да жоқ, теңгем де жоқ, бір сиырымның сүтімен күн көріп отырмын» дейді бір жеңешем ан-ооу жақтан, шеттен…

Қарамер 

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

  1. Ассалаума алейкум жамағатым,
    аман есен жүрсін бе Алаш жұртым,
    Тәуелсізбіз деп жаһанға жар саламыз ,
    сонда да тәуелдіміз көк қағазға,

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар