///

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «халықпен ақылдасқан жөн» деді.

892 рет қаралды
8

nazarbaev_140114_titul«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев республикамыздың ресми атауы Қазақ елі болып өзгеруі мүмкін екенін Атырау облысындағы жұмыс сапары барысында мәлімдеді» деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. 

“Біздің еліміздің атауында Орталық Азиядағы басқа мемлекеттердегі сияқты “стан” деген қосымшасы бар. Шетелдіктер халқы небәрі екі миллион адамды құрайтын Моңғолияның атауында “стан” қосымшасы жоқ екенін алға тартады. Уақыт өте келе ел атауын “Қазақ елі” деп өзгерту мәселесін қарастыру қажет шығар, бірақ мұны алдымен халықпен ақылдасқан жөн”, – деген ҚР Президенті Атырау облысы жұртшылығымен кездесуінде.

Әрине, бұл сүйінші хабар – әр түрлі ұлт бөлшектерін өз баласындай бауырына басып, тату-тәтті ынтымағы жарасып, бірлік-берекелі ғұмыр кешіп отырған халқымыздың көптен күткен аңсары еді.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «халықпен ақылдасқан жөн» деді. Халқы Елбасының бұл мәлімдемесін бір ауыздан қолдайтындығына еш күмән келтіруге болмас. «Ақырын жүріп анық бас» дегендей түптің түбінде ақиқат жеңетіндігінің, еліміздің ұстанған бағыт-бағдарының дұрыстығын  паш ететін қуаныш болса керек. Қуаныш ұзағынан сүйіндірсін!

Мінбер-ақпарат

Парақшамызға жазылыңыз

8 Comments

  1. бөрікті аспанға атып қолдайтын сүйінші хабар екен. бұл ел болудың алғашқы қадамы. Жаса Қазақ Елі!

  2. Мемлекет атауын өзгерту туралы ұлы идея қолға алынып жатыр ғой. Мұны күлкіге айналдырудың, басқалай саяси астар іздеудің керегі жоқ. (саяси астары болса бола берсін). Ұлт болып, Ел болып тік тұрып қолдайық. Еліміздегі барлық қоғамдық ұйымдарға, соның ішінде ұлтшылдық бағытта құрылған бірлестіктерге мен де бір идея тастағым келіп отыр. Осы орайды пайдаланып, жергілікті әкімдіктерден рұхсат алып, көптен күткен осынау киелі мұраттың орындалуы жолында үлкенді-кішілі акциялар ұйымдастырайық. (Президенттің «Жолдауын қолдаймыз!» деген ұранды да қосып алайық).
    Қалайда осы бір сәтті ұстап қалу керек сияқты. Ол арман орындалса Қазақ даласы өзінің ежелгі айбарына, рухына қайта мінер еді. Асыл рух оралса Қазақияның түкпір-түкпірінде қаптап кеткен не түрлі жиіркенішті қылмыстар азяр еді. Қазақ жастары еңкеймей, жасымай, асқақ жүре еді. Елұрандағы «Туған жерім менің, Қазақстаным!» деген сөздің орнын «Туған жерім менің, Қазақ даласы!» деген сияқты бір әдемі сөз басар еді.
    Елбасы да тарих алдындағы өзінің ең қасиетті міндеттерінің бірін атқарған болар еді.
    Мен де «Нұр Отан» партиясының белсенді мүшесі болар едім…
    Артық айтсам, кешірім өтінем!

  3. Абдрашит Бакирулы “Қазақстан Республикасы” аты өзінің тарихи миссиясын атқарып бітіруге таяу. Енді бізге “жаңа форматтағы” мемлекет қаншалықты қажет болса, бүгінде беделін түсіріп алған, немесе, екіұдайы пікір туғызатын атаудан да құтылған дұрыс болар. Сонда ғана “ҚР мемлекеттілігі” туралы тарихи шындықты ештеңеден тайсалмай, өз-өзіңді қараламайтындай, объективті түрде жазу мүмкін: барын – “бар деп, жоғын – жоқ” деп, әрі, мазмұны жағынан тіптен өзгеше, әділетке негізделген қоғамдық қарым-қатынас орнатуға жол ашылады. Бұл болашақ үшін де маңызды, Себебі, өткеннің сорақылығы мен қателігін болашаққа сылап-сипап, өңін айналдырып арқалап алып бару – тұйыққа тірелу! Әрине, жақсылығын да айтуға еш кедергі жоқ. Қазақ Елі мемлекеті – Қазақстан Республикасы болмауы тиіс. “Мәңгілік ел” идеясы да “Қазақ Елімен” байланыста болары анық.

  4. “ланд”,”стан”,”ия” дегендердің қажеті жоқ,біздің ЕЛТАҢБАМЫЗДА “ҚАЗАҚ ЕЛІ” деген ерекше ұлттық атауымыз мен мұндалап тұруы керек.Қырғыздар сияқты РЕСПУБЛИКА сөзін ЕЛТАҢБАҒА жазудың да керегі жоқ.ҚАЗАҚ ЕЛІ деген атаудың өзі-ақ барлық мәселені шешіп беріп тұр.ҚАЗАҚ РЕСПУБЛИКАСЫ,ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТІ,ҚАЗАҚ ҰЛҰСЫ деген сөздер өз-өзінен айтылып жазыла береді,мәселе ЕЛТАҢБАДАҒЫ ҒАЖАЙЫП ЕЛ АТАУЫ ҚАЗАҚ ЕЛІ көзге оттай басылуы керек.

  5. Орыс тілді сайттарда өтірік (шала) қазақтар мен қазақ атын жамылған өзге тілділер барлық қазақтың баяғыдан аңсаған арманын Елбасының жариялауына байбалам салуда.Бұл ретте біздің үндемей қалуымыз сатқындықпен парапар.Осы жолы солқылдақтық білдірмей, бірауыздан еліміздің Қазақ елі атануына үлесімізді қосайық. Ал егер онымен бірге Павлодар, Петропавл, Рудный, Степногорск сияқты қалаларымыз бен аудан орталықтарын, тіпті ауылдарымыздың атауларын өз тілімізге ауыстыра алсақ нұр үстіне нұр болар еді…

  6. “Қазақ ел” атауы туралы кілтипан(Әнұран туралы)

    Ат шынымен керемет. Елбасының айтуы бойынша сонау Күлтегін бабамыздан келе жатқан ұлттың арманы, Ата-баба аманатын орындайық, “Қазақ елі” деп айтайық. Бұл жерде бір кішкентай кілтипан бар.
    Кезкелген сұмдық та, змяндық та бұғып, әдемі болып келетіні бар. біз бұл жерде “Қазақ елі” деген тамаша, қазақы атқа ие болғанда неден ұтамыз демей, неден ұтыламыз деп ойлауымыз керек.
    Ең алдымен ең әдемі “Менің қазақстаным” атты әнұранымыздан айырыламыз. Бұл ел атын өзгерту осы әнұранды құрту үшін жасалған ұлтсыздандыру саясаты болуы мүмкін. Қазір кезкелген қазақ бүлдіршіні “Менің қазақстаным” әнін қуана шырқайды. сөзі нәрлі, тілі жеңіл, әуені есте тез қалатын бұл байлығымыз жоғалса – кейінгі ұрпақта дәл осы әндей әнұран табылмас. Себебі, ел аты өзгерсе әнұран да өзгеруі керек болады. ұлттық ақшамыздағы Әл-Фараби атамыздың орнына бәйтеректің тұра қалғаны сяқты болмасына кім кепіл!?
    Орыс тілділер үшін, тіпті кейбір ағаларымыз үшін “Стан”-ның жоғалуы керек шығар, бірақ ұлттық мақтаныш пен рухты жоғалтуға болмайды ғой! Осы бізде ұлттық үлгідегі, қазқы рухтағы құрылыс пен театр бар ма? Жоқ! Айтыстың түрі анау, дін өз алдына, салт-дәстүр сөз жүзінде… Бір-бірлеп жоғалтудамыз!
    Сонда бізге әнұранымызды өзгерту керек пе?

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар