Бір неше күн бұрын Ресейлік әсіре саясаткер, әумесір Лимонов деген біреудің Қазақ Елінің аумағына көз алартып, солтүстік өңірімізді түгелдей тартып алуымыз керек деген сандырағын ғаламторда жария еткен болатын.
Ал, ақпанның 23-інде Ресей Думасының депутаты В. Жириновский деген жырынсыз су ішкен құдығына түкіріп, кіндік қаны тамған топырағына тоқпағын ала жүгірді. Қазақтың мемлекеттігіне тағы да шүбә келтірген ол “Орталық Азияда ешқандай мемлекет жоқ. Ортазиялық федеральды округ – басты қаласы Верный. Бүгінде оның атауы бөтен Алматы – менің туған қалам. Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркімения, Қазақстан – бәрі ойдан шығарылған. Ортазиялық федеральды округ!” деп көкіді. Жириновский Лимонов емес. Оның сөзі мемлекетіміздің де намысына тиді.
Сондықтан, ақпанның 24-інде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі арнайы ақпарат таратқан. Төменде сол мәлімдемені назарларыңызға ұсынып отырмыз:
“2014 жылғы 23 ақпан күні Мәскеуде Ресей Либерал-демократиялық партиясы (РЛДП) фракциясының төрағасы, Ресей Федерациясы Мемлекеттік кеңесінің мүшесі Владимир Жириновский митингте сөз сөйлей отырып, Орталық Азия мемлекеттерін, соның ішінде Қазақстанды Ресей Федерациясының құрамына кіргізуге шақырды.
Жириновский мырза ресми тұлға, РФ Мемлекеттік Думасының депутаты, ірі саяси партияның басшысы болып табылады. Біздің пікірімізше, осындай жоғары мемлекеттік лауазымдарға ие адам өзінің көпшілік алдында жасайтын мәлімдемелеріне үлкен жауапкершілікпен қарауы тиіс. Оның үстіне, бұл саясаткер біздің елімізге қатысты мұндай жөнсіз мәлімдемелерін бірінші рет айтып отырған жоқ.
Біз осыған дейін бірнеше рет мәлімдегендей, Қазақстанның егемендігі, тәуелсіздігі мен территориялық тұтастығына қол сұғуға жол берілмейді және мұндай әрекеттер Қазақстанның мемлекеттік органдары тарапынан шешімді түрде жауап алатын болады.
Осыған орай, біз РФ Сыртқы істер министрлігі атына ресми нота әзірледік. Онда біз ресейлік тарапты Қазақстан мен Ресей арасында қалыптасқан одақтастық рух пен стратегиялық әріптестік қарым-қатынасына Жириновский мырзаның сөздері қаншалықты сәйкес келетініне ресми баға беруін сұрадық. Қазіргі таңда ҚР Сыртқы істер министрлігі Жириновский мырзаға қатысты дипломатиялық сипаттағы арнайы шараларды қолдану мүмкіндігін қарастыруда” делінген онда.
Ресей саясаткерлерінің бұ қайткені? Орыс пен қазақтың арасына от жаққаннан қандай пайда көреді? Жириновский мырза ма? Мырзалықтан садаға кетсін! Өлетін адам молаға қарай жүгіреді деуші еді. Басқа не айтуға болады?
Мінбер-ақпарат
Парақшамызға жазылыңыз
Ой, иттің баласы, осындайларды әдейі арсылдатып қояды-ау деймін, Орыстың күні батып барады, бұл сол соңғы тұяқ серпу…
Осы, Башқұрт, Бұрат, Татарлар не бітіріп отыр, осы бір оңтайлы сәтті пайдаланбай. Әй, олардың да әбден еті өліп кеткен-ау!
Oning yt ekenin bigende kushuk kezinde atip tastau kerek edi.
tauelsizdgimizge kolsukkandardi ayamau kerek,bul ar kazakhstandik azamatting borixi.